astana-view

«Бастау» түлегі құрттың 5 түрін өндіреді

2018 жылғы 20 Тамыз
- Павлодар облысы
8601 просмотров

Жыл басынан Павлодар облысы Аққулы ауданының 124 тұрғыны «Бастау» бойынша оқу курсынан өтті. Оның 70-і бизнес-жоспарларын сәтті қорғады.  

 «Бұл жеке кәсіпті ашу үшін білімді жетілдіруге қызығушылық таныту, мобильділік, тыңдаушылардың үлкен ауқымын жинау, сонымен қатар Аққулы  ауданы бойынша жаңа шағын кәсіпорындарды ашу факторлары бойынша жақсы көрсеткіш. Жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығына қатысты, өйткені өңірдің климаттық және басқа да ерекшеліктері ірі қара мал өсіруге қолайлы», – деді бизнес-тренер Әнуар Кәрімов.

 Осылайша «Бастау» жобасының түлегі Әлішер Жаңабыл құрт жасауды қолға алды. Бастауыш кәсіпкер ұсынған ассортиментте құрттың 5 түрі бар. Әзірге негізгі сатып алушылар Аққулы ауданының тұрғындары болып отыр. Өнім жақсы сұранысқа ие, өйткені құрамында зиян химиялық қоспалар жоқ, өндірісте табиғи шикізат қолданылады. Кәсіпкер өндірісті ұлғайтып, бүкіл Павлодар облысы мен қалаға шықпақ жоспары бар.

 Әнуар Кәрімовтің айтуынша, қазіргі таңда жобаның 4 түлегі қаржыландыру алған. Барлық несиелер «Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры» АҚ арқылы ірі қара малды өсіруге берілген.

 Айта кетелік, ауыл шаруашылығығымен қатар басқа да салаларда жобалар қолға алынған.

Мәселен, Жамбыл аулының тұрғыны Ерболат Есенгелдин бетоннан жасалған бұйымдардың өндірісімен айналыса бастады, ал Болат Жүнісов Аққу ауылында шаштараз ашты.

  «Бастау» жобасы Аққулы ауданында кәсіпкерлікті көтеруде үлкен көмек беруде. Жоба арқылы ауыл тұрғындары өз бизнес идеяларын жүзеге асырып, мақсаттарына жетеді деген сенімдемін, біз осы бағытта қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді Әнуар Кәрімов.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер