astana-view

Қарағанды зауыты республикалық байқауда машина жасаудың мүмкіндігін көрсетеді

2018 жылғы 22 Тамыз
- Қарағанды облысы
6826 просмотров

Қарағанды облысының 9 кәсіпорны «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысуға дайындық үстінде

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымында жеңімпаз атануға үмітті компанияның бірі – «Maker» Қарағанды құю-машина жасау зауыты. Бұл өңірдегі машина жасау саласында ірі өнеркәсіп орындарының бірі. «Maker» ЖШС «Kazakhmys Holding» ЖШС құрамына кіретін сервистік кәсіпорын, байыту фабрикалары, мыс балқыту зауыттарындағы жабдықтарды жөндеумен, жылжымалы құрамды дайындау және жөндеу жұмыстарымен айналысады. Компанияның өнімі 4 мыңнан аса атаудан тұрады.

Атқарушы директоры Александр Нарежневтің айтуынша 2018 жылдың соңына дейін кәсіпорынды жаңғырту жұмыстары аяқталады. Бұл модернизация «Өндірімділік – 2020» бағдарламасы аясында 2014 жылы басталған. Ондағы мақсат – тау-кен өнеркәсібі үшін қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды дайындау және шығардың толық циклын ұйымдастыру.

«Ұлттық бағдарламаның арқасында зауыт кешенді жоспар дайындау шығынын өтеуге 7,9 млн теңге алды, жеке қаржысы – 4,2 млрд теңге, ал қарыз қаражаты – 10 млрд теңге. Жыл соңына дейін зауыт толықтай модернизациядан өтеді. Бүгінде негізгі жабдықғ сандық бағдарламада басқарылатын станоктардың 53 бірлігі мен 230 көмекші жабдық пен өлшеу құралы қойылып, пайдалануға берілді», ­- дейді атқарушы директор.

Жабдықты жаңартумен кәсіпорынның номенклатурасы да 4,5 мың қосалқы бөлшекке ұлғаяды. Жоба құрамындағының бірі – жұмысшыларды оқыту және дайындау. Зауыт басшылығы атап өткендей, сәтті жүргізіліп отырған бағдарламамен бүгінде 90 жұмысшы маман мен 79 инженерлік-техникалық қызметкер біліктілікті арттыру бағдарламасымен білім алды.

Жыл басынан бері «Maker» ЖШС Қарағанды мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп оқы орнынан тірек кафедрасын ашты. Қазіргі таңда студенттер машина құрастыру және инженерлік графика технологиясынмен кәсіпорын аумағындағы компьютерлік класта білім алуды бастады. Жақын арада университеттің өзінде графикалық станция  және SIEMENS бағдарламалық қамтамасыз етілуімен компьютерлік сынып ашу жоспарланған.

«Модернизация бағдарламасы қолға алынғалы өндірілетін өнім көлемі 2016 жылғы 4,1 млрд теңгеден 2017 жылы 5,4 млрд теңгеге артты. Осы жылдың соңында өнім шығаруды 8,5 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланған, 2019 жылы 11,2 млрд теңгеге артады деп болжанған. Зауыт металдан құйып дайындаудан бастап, дайын машина құрастыруға дейінгі жұмысты атқарады. Өнім номенклатурасына скип, кран, жерасты автобустары, вагонша, флотациялық машиналар, конвейерлі желілер және басқалары кіреді», - дейді Александр Нарежнев.

Машина құрастырушылардың жоспарында – кез келген күрделіліктегі бұйымдарды жобалау мен техникалық сүйемелдеу бойынша бірыңғай инженерлік кешен жасау. Заманауи индустриялық орталық құру туралы мәселе көтеріліп отыр. Республикалық аумақта бұл тұжырымдама «Индустриялық дамыту 4.0 бағдарламасында» реттелген – ақылды заттар технологиясы Қазқастанның экономикалық саясатының бір бөлшегі.

«Maker» ЖШС түрлі байқауларда жеңімпаз атап келген, оның ішінде жыл сайын қатысатын «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы да бар. Биыл республикалық деңгейдегі байқауда Қарағанды өңірінің атынан қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер