astana-view

ӘРЕКЕТ түбі – берекет

2018 жылғы 23 Тамыз
- Маңғыстау облысы
5005 просмотров

Ақтау қаласында «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жобасын іске асыру бойынша 16 кәсіпкерге грант бөлінді.

Қаражат көлемі – әр қатысушыға 500 мың теңге. Жобалардың басым бөлігі балалар денсаулығын жақсарту, мүмкіндігі шектеулі балғындарды қоғамға бейімдеу, психологиялық, педагогикалық көмек көрсету, мүгедек жандарды қолөнерге үйретіп, жұмыспен қамту, оқушыларды өнер саласына баулуға бағытталған.  Бұл шара «Менің Елім» инвестициялар бағдарламасы аясында өткізіліп отыр.

«Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «ӘRЕКЕТ» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» қайырымдылық жоба. Кәсіпкерлік негіздерін оқытып, бизнес жүргізу дағдыларын дамыта отырып, үздік бизнес-жобаларға байқау қорытындысы бойынша гранттар берілуде. Бұл- аймақтардағы халықтың әлеуметтік осал топтарының проблемаларын шешуге бағытталған жоба», – дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Гүлжан Қаламқали. 

Гранттар коммерциялық емес ұйымдарға элеуметтік кәсіпкерлік бойынша Бизнес жобаларын іске асыруға немесе жұмыс жасап тұрған әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға тегін және қайтарымсыз негізде беріледі.

Қаражат «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорынан бөлінді.

Қайтарымсыз қаражатты бөлудегі мақсат – азаматтық сектор өкілдерінің бизнес бастамаларын қолдау арқылы өңірлерде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру.

Аталмыш жоба Маңғыстау облысынан өзге  Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылады.

Ескерте кететін жайт, грант – кәсіпкердің несиелік қарызын жабуға, бизнес жобаға қатысы жоқ қызметтерді жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығу және ұсынылған бизнес-жобаның шеңберінен тыс жұмсауға қарастырылмаған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер