astana-view

Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығында жаңа басшы

2018 жылғы 24 Тамыз
5405 просмотров

Қазақстанның Қаржыгерлер Қауымдастығы (АФК) мүшелерінің кезекті жалпы жиналысында Елена Бахмутова Кеңес Төрағасы лауазымына бірауыздан сайланды, деп хабарлайды www.afk.kz.

ҚҚҚ кеңесі  Кеңес төрағасы және  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары өкілеттіктерін бөлуді жалпы жиналыста қарап, Юлия Якупбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды бекітті. Юлия Константиновна қаржы секторымен жұмысын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары ретінде жалғастырады.

«Қауымдастық мүшелерімен және мемлекеттік органдармен тиімді және жемісті өзара әрекеттесуді қамтамасыз еткені үшін, күрделі кезеңдегі елдің қаржы секторын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Юлия Константиновнаға үлкен алғысымды білдіргім келеді», - деп қауымдастық мүшелерінің ортақ пікірін ҚҚҚ Кеңесінің мүшесі Әнуар Сәйденов білдірді.

«Мен Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығына жаңа басшы сайлануын қолдаймын.  Банк және қаржылық қадағалау, сондай-ақ ағымдағы қаржы секторының өзекті мәселелерін түсіну бастауында тұрған Елена Леонидовна өз ісінің нағыз маманы. Оның мол тәжірибесі мен беделі ҚҚҚ мүмкіндіктері мен рөлін күшейтетіні анық»-деп жалпы жиналыстың шешіміне HalykBank  Басқарма Төрағасы, «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумы қаржы секторы комитетінің төрағасы Үміт Шаяхметова өзінің пікірін білдірді.

Қазақстанның Қаржыгерлер Қауымдастығы еліміздің қаржы секторының мүдделерін бір ортаға шоғырландырады, оған банктер, сақтандыру компаниялары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, лизингтік компаниялар, микроқаржы ұйымдары, аудиторлық, консалтингтік компаниялар және басқа да ұйымдар кіреді. ҚҚҚ Қазақстан Ұлттық Банкі, Қаржы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігінде аккредиттелген сонымен қоса «Атамекен» ҰКП жанындағы акредиттелген ассоциация.

Біздің анықтама:

Бахмутова Елена Леонидовна 1962 жылы туған. 1983 жылы Алматы халық шаруашылығы (Нархоз) институтын бітірген, мамандығы «экономист». Ол Қаржы министрлігі, оның ішінде, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда әртүрлі лауазымдарда қызмет істеді.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалған.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қадағалау департаментін;

2004 жылы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары қызметін атқарып, кейін оны басқарды.

2012 жылы «Самұрық-Қазынаға» ауысып, онда  төрағаның орынбасары және қаржы мен операциялардың басқарушы директоры;

2016 жылдан бастап «Әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы;

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

«Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ АҚ басқарма мүшесі болып қызмет атқарды.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін ол «Парасат», «Құрмет» ордендерімен,сонымен қоса «Астанаға 10 жыл», «Астана 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер