astana-view

Кәсіпкерлер Экологиялық Кодекстің жаңа нұсқасын әзірлеуге қатысады

2018 жылғы 25 Тамыз
3720 просмотров

ҚР Энергетика министрлігі жаңа заң жобасы – ҚР Экологиялық кодекстің редакциясын әзірлеуді қолға алды. Заң жобасының тұжырымдамасын дайындау мақсатында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жаңа Кодекстің тұжырымдамасы келіп түсті. Айта кетелік, жобаны әзірлеуде шетелдік тәжірибе назарға алынған.

Жоба ұсынымдары: 

  • ең озық қолжетімді технологияларды қолдану негізінде кешенді экологиялық рұқсаттарды беру жұйесін енгізу;
  • қоршаған ортаға зиян келтіретін фактіні дәлелдеу қажеттілігі;
  • экологиялық қауіпті келетін ірі кәсіпорындарға қоршаған ортаға әсерді бағалауды қолдану;
  • қоршаған ортаны ластауға болмашы әсер ететін өндірістерге реттеу жүйесін жеңілдету және басқа да шаралар.

Егер жобаға қатысты ұсыныстар және (немесе) ескертпе болса, ақпаратты мына электронды мекенжайға жолдауды сұраймыз: a.basheyeva@atameken.kz, тел: 8 (7172) 270 451.

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі жобасының ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер