astana-view

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау құралдары жайында жиын өтті

2018 жылғы 29 Тамыз
- Қарағанды облысы
7214 просмотров

Қарағандыда ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Бизнесвумен: дамудың жаңа жолдары» атты облыстық ашық жиын өтті. Кезекті жиында елімізде әйелдер кәсіпкерлігін қолдау құралдары туралы айтылды.

 Жиналыс аясында кәсіпкерлер «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының тұрақты консультативтік-кеңесші органы болып табылатын Кеңес жұмысымен танысты, сондай-ақ Қазақстан экономикасы дауында әйелдер кәсіпкерлігінің рөлі талқыланды.

 «Қарақанды облысы ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің базасында ресурсты орталық жұмыс істейді. Біз онда оқытамыз, кеңес береміз. Менторинг жақсы дамыған – Қарағандыда бүтін клуб жұмыс істейді. Іскер әйелдер қызметтердің барлығын тегін алады, ешқандай мүшелік жарналар жоқ.  Біз әйелдерді салалық бағыттар: мектепке дейін білім беру, туризм, мейрамхана ісі, қолөнер, дизайн, қайырымдылық, әлеуметтік сала бойынша біріктіріп отырмыз. Мәселен, әлеуметтік комитетті Әлия Сүлейменова басқырып отыр. Келіншек мүгедектер арбасына танылған. Осыған қарамастан ол «Лотос» сал аруға шалдыққан балаларды оңалту орталығын басқарып отыр. Әлия командамыздағы ең жігерлі адам. Оның орталығы Қарағандыда жұмыс істейді. Орталықты дамытуға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша грант алынған. Енді Әлия Сүлейменова Бұқар Жырау ауданында филиал ашуды жоспарлап отыр», – деді Қарағанды облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанаргүл Күлмағамбетова.

Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері кеңес алудан бөлек қаржылық көмек те алады. Осы жазда Қазақстанда әйел кәсіпкерлігін несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Іскер әйелдер кеңесінің қоғамдық қоры бұл мақсатқа 1 миллиард теңге бөлді. Оның құрылтайшылары қатарына ERG және Қазақмыс атты ірі компаниялар кіреді. Несие алудың максималды құны 10 млн теңге, ал алу мерзімі – 7 жылды құрайды. Пайыздық мөлшерлеме – жылдық 5-7%. Қарағандыда жеңілдетілген несие алып үлгерген кәсіпкер бар.

 Кездесу барысында аймақтағы сарапшылар мен әйелдер қозғалысы жетекшілерінің шеберлік сабақтары өтті. Басты спикер – ҚР Жоғары аттестаттау комиссиясының экономика доценті, AlmaU MBA бағдарламасының бизнес-тренері Сұлтанбек оқу курстарын қалай таңдауға және басқару консалтингінің кәсіпкерлерге қалай көмектесе алатыны жайында айтты.

 «Егер әйелдер кәсіпкерлігі жайында айтатын болсақ, онда консалтинг саласында Еуропа қайта құру және даму банкін назарға алуға болады. Консалтинг қызмет үшін  Әйел төлеу керек қаражаттың 60%-ын Еуропа қайта құру және даму банкі өтейді. Көп жағдайда кәсіпкерлер сыртқы орта өзгеріп жатқанына мән бермейді: теңге курсы құбылып жатыр, экономикалық санкциялар енгізіліп, бәсеке артып келеді. Көп адам: «Ештеңе өзгертпей, оқымай, қалай жұмыс істесем, солай істей беремін» деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Үнемі өзгерістер болып жатқанын көрсеткіміз келеді. Бәсеке сұрапыл. Өсіп, ірі компанияға айналу үшін үнемі өзгеріс жасап, менеджмент құралдарын қолдану керек», – деді коучер.

 Бизнес ханымдар мұндай кездесудің пайдалылығын атап өтіп, жиі өткізуге ынта білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер