astana-view

«Бастау»: Бұланды ауданында 35 жоба сәтті жүргізіліп отыр

2018 жылғы 29 Тамыз
- Ақмола облысы
6137 просмотров

Былтыр өңірде «Бастау» пилоттық режимде жүргізілді. Оқу Ақмола облысы аудандарының бірі – Бұланды ауданында өткен. Осы кезең ішінде курсты 180 тұрғын тәмамдады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 35 бұландылық жеке кәсіп ашты. Айта кетелік, осы жобалар сәтті бастау алған. Ал курста алынған білім жеке кәсіп ашу, мемлекеттік бағдарламалар бойынша несие алуға көмектесті. Өткен жылы Бұланды ауданында оқуды бизнес-тренер Аслан Қасенов өткізген болатын. Бүгінде тренер көрші Бурабай ауданында оқуды жүргізіп отыр, алайда өзінің бірінші түлектерімен байланысты үзбей, кәсіп ашқандарға кеңес беріп келеді.

 «Былтыр «Бастау» жобасы бойынша Бұланды ауданында бизнес-тренер болдым. Жоба пилотты режимде іске асты. Курсты екінші лектен бастап жүргізе бастадым, 21 тыңдаушы өз кәсібін ашты. Айта кеткен жөн, таңдалған бағыттар сан алуан болды – бұл дөңгелек жөндеу, кілем тазалау, қоқыс өңдеу, сұлулық салоны, автокөлік тысқабын тігу және басқа», – деді бизнес-тренер.

 «Бастау» жобасын жақсы нәтижемен бітірген түлектердің бірі – Нарсұлтан Ермағамбетов. Жас кәсіпкердің жобасы – кілем тазалау бойынша салон ашу.

 «Жобаға кәсіп ашам деп нақты оймен келдім. Бизнес-тренермен бірге жобаның тиімділігін есептедік, бизнес-жоспар құрдық. Оқу барысында жабдық жеткізушілерді таптық, ары қарай облыстық комиссия алдынан жобаны сәтті қорғап, мен несие алуға құжаттарды жинай бастадым. Құжаттарды тез жинадым, былтыр қараша айында маған несиені мақұлдады. Биыл наурыз айында жабдықты акеп берді. Бұл центрифуга, роторлы машинасы. Центрифуга орналасқан соң мен кілем тазалау бойынша тапсырыстарды қабылдай бастадым. Алғашқы айларда тапсырыстар көлемі аз болды, алайда күннен күнге салонымыз тұрғындар арасында таныла бастады, оған әлеуметтік желілелр бойынша берілген жарнама кампаниясы да әсер етті. Бүгінгі күніне 100 шаршы метр кілемді тазалай аламын», – деді кәсіпкер.

 Нарсұлатнынң алдағы жоспары – бизне маусымдық болмауы үшін кептіру камерасын сатып алу. Осылайша тапсырыстарды жыл бойы қабылдауға мүмкіндік ашылады.

 «Бастау» арқылы жүзеге асқан тағы бір жоба – қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге қатысты.

 «Оқудан өткен соң қараша айында Макинск қаласында қоқыс қабылдау бөлімін ашып үлгердім. Қазіргі таңда қала мен аудан тұрғындарынан – пластмасса, макулатура, картон, шыны, пластик құбырлар, жеміс-жидектен қалған жәшіктер, банкаларды қабылдап отырмын. Оларды сұрыптап, бигбегтерге жинап болған соң, Көкшетау қаласына өңдеуге жіберіп жатырмын», – деді кәсіпкер Еркін Исабеков.

 Кәсіпкер келешекте қоқысты нығыздайтын пресс пен автокарлар алмақшы. Осылайша өндіріс көлемі артады.

 Тура осылай сән салондары, жастықтарды қайта жөндеу, ағаштан кәдесый дайындау бизнестері де сәтті іске асуда. Жаңа бастамалар «Бастау» арқылы қолға алынған.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер