astana-view

Қазақстанда өзін-өзі реттеу ұйымдарының алғашқы легі қызметін бастады

2018 жылғы 11 Қыркүйек
6194 просмотров

Мемлекеттің экономиканы қайта реттеу бойынша жүргізіп жатқан саясатқа сәйкес Қазақстан үшін жаңа «Өзін-өзі реттеу туралы»  үлгілік заң қабылданды.

Осылайша, өзін-өзі реттеу ұйымдарын ерікті негізде (мемлекеттік функцияларды беруі жоқ тұлғаларға қойылатын талаптарды күшейту), сондай-ақ, субъектілердің  (қатысуы) міндетті мүшелігінде  (мемлекеттік қызметті беру заңдары негізінде енгізіліп отыр) құру және қызмет етуі шарттары заңды түрде бекітілді.

Міндетті өзін-өзі реттеуді бірінші болып бағалаушылар қолға алды. Заңнамалық өзгерістерден кейін (2018 жылдың 10 қаңтарында «Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы» ҚР Заңы қабылданды) бүгінде 4 Өзін-өзі реттеу ұйымы – бақалаушылар палаталары жұмыс істеп жатыр, олардың әр қайсысы 300 бағалаушыны біріктіріп отыр:

  • «Кәсіби бағалаушылардың елордалық палатасы» (http://www.sppo.kz);
  •  «Тәуелсіз кәсіби бағалаушылардың палатасы» өзін-өзі реттеу ұйымы (http://cpakz.kz);
  •  «Bagalau Qazaqstan» Қазақстан Бағалаушыларының Орталық Бірлестігі» өзін-өзі реттеу ұйымы (http://www.srobq.kz);
  • «Қазақстан бағалаушылар қауымдастығы»  өзін-өзі реттеу ұйымы (http://www.valuer.kz).

Айта кетелік, Бағалау қызметіне өзін-өзі реттеудің енгізілген жүйесі мынадай артықшылықтарға ие: 

  • бағалау қызметіндегі кәсіби қатысушыларының бағалау стандарттарын әзірлеуі арқылы бағалау қызметтерінің сапасын арттыру;
  • нарықта жоғары білікті мамандар қалады, яғни өзін-өзі реттеу ұйымдары заңсыз жұмыс істейтін бағалаушылардан «тазартатын» болады;
  • бағалаушылардың тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін арттыру, өзін-өзі реттеуден шығарып тастау – бұл қызметті жүзеге асыруға тиым салумен тең;
  • тапсырыс беруші мен бағалаушы арасында туындаған дауды  сотқа дейін шешу тәртібі, оның ішінде зиян тигізуді сақтандыру төлемдері есебінен өтеу;
  • өзін-өзі реттеу ұйымы тарапынан бағалаушыларды ұнемі қолдау және біліктіліоігн арттыру;
  • лицензияның күшін жою және бағалаушыларға қатысты мемлекеттік функцияларды қысқарту салдарынан жемқорлық тәуекелдерді азайту.

Осындай шаралар арқылы Өзін-өзін реттеу ұйымдары Мемлекеттің қызметін жеңілдетіп, бағалауға қатысты барлық сұрақтарды шешуге жол ашады. Осыған байланысты, бағалаушылардың қызметіне қатысты мәселе туындаса, жоғарыда айтылған ұйымдардың қызметіне жүгінуді ұсынамыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер