astana-view

Бизнес өкілдеріне Сауданы реттеу туралы заңға өзгерістерді енгізуді қарастыру ұсынылды

2018 жылғы 20 Қыркүйек
3516 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауданы реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті. Әзірлеуші – ҚР Ұлттық эконмика министрлігі.

Заң жобасы қарастыратын бағыттар:

-шотты онлайн ашқан соң банкке барудың қажеттіліктің болмауы және шотты қашықтықтан ашқан бойда оны қолдану мүмкіндігі;

- сот орындаушылары процедураларының мерзімдерін нақты белгіленуі;

- оғам мүддесіне қайшы келетін мүдделер қақтығысын шешуде акционерлік қоғамдардың директорларының / атқарушы мүшелерінің жауапкершілік мәселелерін реттеу;

- «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ қатысушылары арасында өнімді өткізуде қосымша құн салығынан босату және арнайы экономикалық аймақтардың аумағына тауарларды сату кезінде қосылған құн салығының нөлдік ставкасын қолдануды таңдау құқығын беру;

- «Виртуалды қойма» модулін енгізуге байланысты түзетулер;

-тіркеп алу функциясы бар және (немесе) деректерді беру (онлайн БКМ) бақылау-кассалық машиналарды қолдануды салық төлеушілерге ынталындыруды ұсыну арқылы 2024 жылдан 2020 жылға ауыстыру;

- халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына бұрын алып тасталған жеңілдікті нормаларды қалпына келтіру;

-ірі салық төлеушілерді мониторингілеу үшін іріктеу критериін жетілдіру;

-ойын бизнесіне салық салу тәртібін белгілеу.

Аталған жобалаға қатысты ұсыныстарыңыз болса, ақпаратты Қоғамдық мониторинг  және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментіне жолдауды сұраймыз: n.zhanabekov@atameken.kz, телефон 8 (7172) 919 349.

Заң жобасының ЖОБАСЫ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер