astana-view

Бизнестің жол картасы-2020:БАҚ арасындағы байқау жеңімпаздары анықталды

2018 жылғы 24 Қыркүйек
3921 просмотров

Жеңімпаздардың есімі  ертең, 25 қыркүйекте белгілі болады. Марапаттау рәсімі Қазмедиа орталығында өтеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы туралы үздік материалға, соның ішінде ЕАЭО нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлікке арналған республикалық журналистік жұмыстар конкурсының қорытындысы шығарылды.

Байқау 4 номинация бойынша өтті- «Баспа БАҚ-тағы ең үздік аналитикалық материал»,» «ТВ-дағы ең үздік репортаж», «Интернет-БАҚ-тағы ең үздік аналитикалық материал» және «Ең үздік радио хабар». Барлығы 250 материал түсті.

Байқау талабы бойынша БАҚ-та 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2018 жылдың 25 тамызына дейін жарияланған немесе эфирге шыққан жұмыстар қабылданған болатын. Журналистік жұмыстарды құрамында БАҚ өкілдері мен қоғам қайраткерлері бар арнайы комиссия қарады.

Жұмыстарды бағалау кезінде объективтілік, материалды берудің кәсіби деңгейі, жаңашылдық, эксклюзивтілік, стиль, баяндау тілі, авторлық тұжырымдаманың дербестігі, ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы, журналистиканың этикалық қағидаттарына сәйкестігі ескерілді.

«Нұр-Медиа» холдингінің бас директоры Ләззат Танысбай  «ТВ-дағы үздік репортаж» номинациясы бойынша жұмыстарды бағалады.

«Биылғы жылы өңірлік БАҚ-тардан көптеген өтініштер келіп түсті. Біз  кезекші ақпараттардан гөрі талдау материалдарына мән бердік. Сондықтан да саланы толықтай қарастыратын және проблеманы түсінуге және түсінікті түсіндіруге тырысқан талдаушыға көп көңіл бөлінді. Жұмыстарды іріктеу кезінде  мәселенің мәнін жан-жақты ашқан сюжеттерді көрдік. Яғни, ұсынылған жұмыста тек кейіпкерлердің пікірлері ғана емес, сонымен қатар журналистің ізденісі,шеберлігі, басты ой - пікірлерімен бөліскені, ойлануға мәжбүр етті», - деп атап өтті Ләззат Танысбай.

Қазылар алқасының төрағасы, қазақстандық публицист, қазақ журналистикасының зерттеушісі Намазалы Омашев осындай конкурстардың маңыздылығын атап өтті.

«Мұндай байқаулар қажет, көптеген өңірлік журналистер қатысқаны қуанарлық. Жұмыстардың деңгейі қалыпты, әрине, біреу күшті көрінеді, біреу әлсіз, көп нәрсе журналистердің тәжірибесі мен талантына байланысты. Комиссия құрамында болған редакторлар, танымал журналистер жеңімпазды таңдауға барынша объективті қарауға тырысты», - деді Намазалы Омашев.

Конкурстың мақсаты- кәсіпкерлердің табысты қызметін дәріптеу, мемлекеттің дамуындағы бизнестің экономикалық және әлеуметтік рөлін сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы және ЕАЭО мүше-мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлікті насихаттауға медиакеңістікті тарту.

Айта кетейік, конкурстың жүлде қоры: бірінші орын үшін - 250 000 теңге, екінші орын үшін - 150 000 теңге, үшінші орын үшін - 100 000 теңге және төртінші орын үшін - 70 000 теңге.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер