astana-view

Абылай Мырзахметов мамандарға деген нақты қажеттілікті қалай анықтау керектігін айтты

2018 жылғы 28 Қыркүйек
6860 просмотров

 «Атамекен» мәліметтері бойынша кәсіпорындарда маман тапышылығы сезілсе де жоғары оқу орындары мен колледждер түлектерінің барлығы дерлік жұмыс таба алмайды.

Бұл ақпарат жұмыспен қамту саласы мәселелері мен даму келешегін талқылау бойынша парламенттік тыңдаулар барысында айтылды. Абылай Мырзахметовтың айтуынша, жыл сайын колледждерде 489 мың студент оқиды, оның ішінде 263 мың студент – мемлекет есебінен білім алады. 2021 жылдың соңына дейін 188 мың адамды оқыту көзделген, алайда олар келешекте жұмыс таба ала ма деген сұрақ туады.

«Жүргізген зерттеулеріміз бойынша нарық талаптары мен оқу орындарында мамандарды дайындау арасында сәйкессіздік анықталды.  Кәсіби мамандарға бизнестің нақты мұқтаждығын анықтауға көмектесетін әдістемені қолдану керек екені анық», – деп мәлімдеді Абылай Мырзахметов.  

 Әдістеме пилоттық режимде Ақтөбе облысында жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде 700-тен астам мамандыққа қажеттілік анықталды.  Мәселен, өңірде тракторшылар тапшы. Алдын ала мәліметтер бойынша биылдың өзінде фермерлік қожалықтар 302 тракториске мұқтаж, ал колледждер мен оқу орталықтарында мамандық бойынша 191 адам дайындалады. 2020 жылға қарай осындай мамандыққа сұраныс 329 адамға дейін өседі.

 ҰКП Басқарма Төрағасы назар аударған тағы бір мәселе – мектеп оқушылары арасында кәсіби диагностика жасалмайды. Жыл сайын 354 мың мектеп түлегінің 21 мыңы не колледж, не жоғары оқу орнына түсе алмайды.

 «Атамекен» скандинав мемлекеттерінің тәжірибесін зерттеді, онда 5 сыныптап бастап баланың мамандыққа деген икемі мен таланттарын дамытуға күш салады. Енді Қазақстанда да пилоттық режимде оқышыларды кәсіби диагностикалау жүргізілмек кейін бұл жұмыс жүйелік негізде жүзеге асатын болады», – деді Абылай Мырзахметов.

 Спикер жұмысшы мамандықтарға оқыту кезінде практикалық бөлікті экономиканың нақты секторына аудару қажет деп атап өтті. «Атамекен» мемлекеттік тапсырыстың бір бөлігін колледждерден кәсіпорындарға жіберу орынды деп санайды, өйткені студенттер оқу уақытының 60%-ын сол жерде өткізеді.

 Осы ретте бизнес 200 мамандық бойынша қысқа оқыту бағдарламасы аясында мамандарды дербес дайындау бойынша жұмысты жүргізіп отыр. Қазіргі таңда  барлық саладағы кәсіпорындар мамандарды дайындауды өздері жүргізе алады.

 «Мамандарды 2,3 жыл бойы дайындаудың қажеттігі жоқ деп санаймыз. Жұмысшы кадрларды 6 ай ішінде дайындап шығуға болады, ол үшін мемлекеттік қаржыландыруды қысқа мерзімді оқытуға қайта бөлу қажет», – деп қорытындылады Абылай Мырзахметов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер