astana-view

Инженерлік коммуникациялар сызбалары туралы ақпаратты жариялау мәселесі талқыланды

2018 жылғы 27 Қыркүйек
- Астана қаласы
5242 просмотров

27 қыркүйекте Астана қаласының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 34-отырысы өтті

 Іс-шараға кеңес мүшелері, Астана қаласы ӨКП, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару бойынша комитеті, Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, Астана қаласының отын-энергетикалық кешені мен коммуналдық шаруашылығы басқармасының өкілдері қатысты.

Жиын қатысушылары инженерлік коммуникациялар сызбалары туралы ақпаратты Астана қаласы интерактивті картасында жариялау мәселесін талқылады.

 «Құрылыс салушылар тап болатын мәселенің бірі – олар қажетті желілердің жоғын интерактивті картадан көре алмайды. Бүгінде жылу, су, кәріз бен электр энергиясы желілеріне қатысты мәселе Астанада тым өзекті. Адамдар жер учаскесін  алады, жобалауды бастайын десе желілер биыл емес, үш жылдан соң қосылатынын сонда ғана біледі. Бұл үлкен мәселе», – деді Өңірлік кеңес мүшесі, «Астана құрылыс саласы» ЗТБ құрылтайшысы Марат Әміралин.

 Астана қаласы ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Дәурен Сатқанбаев интерактивті картаның артықшылықтары мен кемшіліктерін айтты:  

 «Қазіргі таңда Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы сайтында Астана қаласының бас жоспары сызбасын,  егжей-тегжейлі жоспарламалар, тіркелген жер учаскілері, аукционға берілген жер учаскілері, қызыл жолақтар туралы ақпаратты қамтитын интеркативті карта орналасқан. Алайда аталған интерактивті картада елорданың инженерлік коммуникациялар сызбалары жайында және бос қуаттылық туралы ақпарат жоқ. Осы ретте Алматы қаласының интеректвиті картасында мұндай ақпарат бар, екі картаны да бір әзірлеушілер дайындаған. Осыған байланысты Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы бұл ақпаратты интерактивті картаға енгізу бойынша сұратым жасады».

 Жиын барысында кеңес мүшелері 2018 жылы 20 маусымда өткен 33-отырыс қортындысын жасады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер