astana-view

Негізсіз тексерулер салдарынан кәсіпорын жұмысы тоқтады

2018 жылғы 08 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
5240 просмотров

Өскемендік кәсіпкер медициналық орталығын мемлекеттік органдар тарапынан болған тексерулер салдарынан жабуға мәжбүр болған.

Биылғы мамыр айында «Жан Дауа» медициналық орталық басшысының жұмыс орнында болмаған кезде өздерін Ұлттыққауіпсіздік комитет және ШҚО ІІД Көшін-қон қызметінің өкілдері деп таныстырған адамдар келген.

 Іскер ханымның айтуынша, олар ішкі құжаттар, жеке куәліктер мен қызметкерлердің еңбек шарттарын ешбір куәландыратын құжаттарсыз тексере бастаған.

Кейін орталыққа мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының испекторы мен жергілікті учаскелік полицейді шақыртты. Мемлекеттік инспекция қызметкері ешқандай бұзушылықты таппады. Өйткені қызметкердің біреу ҚР азаматы, екіншісі Қазақстанда тұруға ихтиярхаты болды. Ал учаскелік полицей қызметкерлердің біреуіне қолында жеке куәлігі болмағаны үшін түсініктеме жазуды бұйырды. Үйтпеген жағдайда бөлімшеге апарып, хаттама толтырамын деп қорқытқан», – деді жеке кәсіпкер Б.Нұрғожина.

Ал құқық қорғау органдардың қызметкерлері заң жүзінде жұмыс істегендерін алға тартуда. Медициналық орталықтың қызметін тексеру «Заңсыз» атты жедел-алдын алу іс-шара аясында жүргізілген деп Кәсіпкерлер құқығын қорғау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отрысында айтылды. Тексеру 21-24 мамыр аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жүргізілген. Тексеру кез3нде органдар бұзушылықтарды таппаған.

 Алайда, орын алған жағдаяттарға сәйкес кәсіпкердің мәселелері бітпеді. Тексеруден кейін екі ай өткен соң комитет қызметкерлері Қоғамлдық денсаулықты сақтау басқармасына, атап айтқанда санитариялық-эпидемиологиялық станцияға хат жолдап, медициналық орталықта жоспардан тыс тексеру жасауды тапсырады.

 «Нәтижесінде орталықтан 5 бұзушылықты анықтап, 24 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Тағы бір әкімшілік бұзушылық менің медициналық қызмет көрсету жұмысын бастағанымды уақытында хабарламағаным үшін берілді. Соңғысы үшін мені соттарға шақыртып жатыр», – деді кәсіпкер.

 ШҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бұл тексерулер легін заңсыз деп санайды.

 «Бұл кәсіпкерлік қызметке негізсіз еніп, жауапкершілікке негізсіз тарту болып саналы. Тексеруші органдар Кәсіпкерлік кодекстің жеке кәсіпкерлікке тексеру жүргізу бойынша нормасын бұзып отыр», – деді Кеңес төрайымы Галина Казанцева.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы тексеруші органдарға шағыммен прокуратураға жүгінбек.

 Осы ретте кәсіпкердің өзін бірінен соң бірі жалғасқан соң мұның арты тағы да тексерулермен жалғасатынына аландайды. Тексеру алдындағы қорқыныш, табысты жоғалту қорқынышынан жоғары болып шықты. Жас іскер әйел орталық жұмысын тоқтатуға мәжбүр.

 Айта кетелік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында бизнесті әкімшілік қысым мен қылмыстық тергеуден барынша қорғау туралы тапсырған болатын.

 2018 жылдың 7 айы бойынша ШҚО Кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау бойынша 311 өтінім келіп түскен, оның ішінде 224-і оң шешіліп жалпы сомасы 5,4 млрд теңге құрады. Негізінен кәсіпкерлер шағымы жер қатынастары, мемлекеттік сатып алулар, АӨК, құрылыс салаларына қатысты.

 Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін бұзғаны үшін 12 мемлекеттік қызметкер әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер