astana-view

МЖӘ: Мемлекеттік міндеттемелер бизнеске салынған инвестициядан бірнеше есе артық

2018 жылғы 15 Қазан
3243 просмотров

Ұлттық палатада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын мониторингтеу жөніндегі кеңестің үшінші отырысы өтті. Онда Кеңес мүшелері жобаларды жоспарлау мен іске асыру бойынша ағымдағы жағдайды талқылады.

Отырысты аша отырып, Кеңес төрағасы Аманжан Жамалов МЖӘ жобаларының саны өсіп келе жатқанын, дегенмен олардың сапасы жақсаруын қалайтынын айтты.

«Өкінішке қарай, МЖӘ жобаларын жүзеге асыру мемлекеттің кейінге қалдырылған міндеттемелеріне айналғандай. Қазір бізге оңтайлы тәсілді талдап, табу қажет. Біз МЖӘ аясында балабақшалар салып қана қоймау керекпіз. Негізгі мақсат-инфрақұрылымды дамыту, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарт», - деді Аманжан Жамалов.

Ресми статистикаға сәйкес, 2016 жылдан бастап жасалған шарттар саны 20 есеге артса, бұл ретте мемлекеттік міндеттемелер 23 есеге ұлғайған. Бұл МЖӘ-ні мемлекеттік бастамашылық бойынша іске асырудың тиімсіздігін көрсетеді. Бүгінгі күні мемлекет жеке инвестицияларды тартуға қарағанда әлдеқайда көп мідеттемелер қояды.  Бұл үрдісті өзгерту үшін жеке қаржы бастамасы бойынша жобаларды ұсынатын бизнеске құлақ түру қажет.

Осыған байланысты Эльдар Жұмағазиев Ұлттық палатаның бюджеттен өтеу құрылымына қарай МЖӘ жобаларын іріктеу критерийлерін белгілеу туралы ұсынысын айтты.

МЖӘ осы бейіндегі мамандардың жетіспеушілігіне байланысты ауыспалы табыспен іске асырылады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында біліктілікті арттыру курстары жоқ, университетте тиісті кафедра жоқ. Бұл салада білікті мамандар аз, бұл ретте бақылаушы органдар саны бақандай -үшеу.  Эльдар Жұмағазиевтің ұсынысы бойынша МЖӘ жобаларын іске асыруды мониторингтеу және бағалау үшін бір мемлекеттік органды анықтау қажет.

Сондай-ақ Ұлттық палата өңірлердің МЖӘ жобалары қажеттілігіне скрининг жүргізуді, іске асырылып жатқан жобалар бойынша бірыңғай базаны цифрлауды және әрбір жобаға виртуалды паспорт жасауды ұсынды. Онда жоба туралы барлық ақпарат болады.

«МЖӘ жобаларының көпшілігі білім беру және денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, балабақшаларды пайдалану бойынша МЖӘ-нің көптеген жобалары бар. МЖӘ жобалары бойынша біз жеке серіктестер өз міндеттемелерін тиісті деңгейде атқаратынына сенімді болуымыз керек. Салалар бойынша жеке серіктестердің рейтингін дайындауды ұсынамыз. Біз өзімізге алған міндеттемелерді нақты орындайтын көшбасшыларды көреміз, аутсайдерлерді көреміз, сондай - ақ шарт бойынша жеке әріптесті ауыстыру бойынша конкурс жариялау қажет», - деді Эльдар Жұмағазиев.

Бұл ұсынысты Кеңес мүшесі, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова қолдады. Ол сондай-ақ кеңес қатысушыларына бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру аясында жатақханалар салу бойынша ҚР БҒМ-нің жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты. Оның айтуынша жатақханаларды салу студенттерді орынмен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырыс беру шартымен жоспарланады.

Сонымен қатар отырыста инфрақұрылымды дамытудың перспективалық жоспарларын іске асыру мәселесі талқыланды. 2025 жылға дейінгі инвестицияларға қажеттілік 1 трлн 94 млрд.теңгені құрайды. «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Нұрбол Күзембаевтың айтуынша, қазіргі уақытта инфрақұрылымды дамытуға қаражаттың 82% - ын мемлекеттік бюджет бөліп отыр.  Алайда, мемлекеттік бюджет қаражаты денсаулық сақтау объектілерінің апаттылығы, тозу, шамадан тыс жүктелу проблемаларын шешу үшін қажетті инвестицияларға қажеттілікті толық көлемде жаба алмайды. Осыған байланысты МЖӘ тетігі арқылы жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2018 жылдан бастап медициналық ұйымдар желісін жоспарлау Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарлары негізінде жүйеленеді», - деді Нұрбол Күзембаев.

Перспективалық даму жоспарларын тиімді іске асыру үшін денсаулық сақтау саласында МЖӘ бағдарламасын әзірлеу қажет.

«Өңірлердің ұсыныстарын тыңдау тәжірибесін жалғастыруды тапсырамын. Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық палата МЖӘ туралы заңда бекітілген тұтыну кепілдігін қамтамасыз ету тетігін пысықтасын, сондай - ақ МЖӘ мен жеке инвестицияларды қолдану тетіктерін кеңейте отырып, 2019/2021 жылдарға арналған салалар және өңірлер бойынша МЖӘ жобаларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеп, бекітсін», - деп түйіндеді Аманжан Жамалов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер