astana-view

Астанада инклюзивті білім беретін балабақша ашылды

2018 жылғы 19 Қазан
- Астана қаласы
9544 просмотров

Жобаны жекеменшік банктер мен даму институттарының қолдауымен Астана қаласының Іскер әйелдер кеңесі жүзеге асырып жатыр

«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова ашу салтанантында әр жаңа ашылған балабақша – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің айқын көрінісі деп атап өтті. 

 «Екі жыл бұрын «Атамекен»: отандық бизнес білім беру мекемелерін ашып, елдегі мемлекеттік – жекеменшік әріптестіктің тиімді үлгісін көрсете ала ма деген сауал көтерді. Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тағы бір оң нәтижесін көріп отырмыз. Бұл балабақшаның ерекшелігі – тәрбие берудің қарқынды әдістемесінде ғана емес. Мұнда инклюзивті білім беру жүргізіледі, яғни ерекше балалар еш кедергісіз қоғамға бейімделуге мүмкіндік алады», – деді Лаззат Рамазанова.

 Астана қаласы ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Дана Омарова үшін бұл төртінші балабақша. Бұл жобаны ашуға «Қазақстан Халық банкі» арқылы алынған несие көмектесті.  Бизнес ханымның айтуынша, әр жоба іске асқан уақытта ол қатты қобалжиды екен. Дина Омарова бірінші балабақшаны 10 жыл бұрын ашқан.

  «Басқа бизнес түрін қарастырып көрмеппін, қолымнан не келеді сонымен айналысамын. Біраз қобалжып тұрмын, өйткені сен осы кішкентай сарайыдың құрылысына да, құрылуына, жұмыс істеуіне де ааталысасың. Ата-аналар қаланың жаіа бөлігінде балабақшаны салуды сұраған болатын. Мен шешім қабылдадым. Мекетпке дейінгі білім беру – жауапкершілігі мол қызмет. Біздің түлектер мектепте жақсы үлгеріммен оқып, жақсы білім алып отырғаны қуантады», – деді Дина Омарова.

 Осындай жетістікке жету үшін кәсіпкер көп ел аралап оңтайлы әдістеме іздеген. Нәтижесінде Дина Омарова жақсысын тауып, балабақшаларына енгізді.

Балабақша тәрбиешілері тұрақты түрде біліктіліктерін арттырады. Жаңа балабақша 350 орындық,  14  топқа негізделген.   

 «Балабақшамызда балалар оқып қана қоймай, бассейнге түседі, тұзды шахта да бар. Жуырда Қазақстандағы Франция елшілігімен меморандумға қол қойдық. Енді балақайлар ағылшын тілінен бөлек, француз тілін де меңгереді», – деді Дина Омарова.  

 Кәсіпкерді жаңа жобаның ашылуымен туыстары, достары құттықтап келіп, шашу шашты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер