astana-view

Эльдар Жұмағазиев: Жолдау- Президент тарапынан қамқорлық, оған бизнес лайықты жауап беруі тиіс

2018 жылғы 19 Қазан
6778 просмотров

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Досаевтың оңтүстік астана активімен кездесуінде Мемлекет басшысының Жолдауының басым бағыттары талқыланды.

Отырыс барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев атап өткендей, Президент Жолдауында бизнесті заңсыз әкімшілік қысым мен қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды тапсырды, салықтық рақымшылық туралы жариялады. Қаржы министрлігінің мәліметіне қарасақ, қазір 90 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері 2018 жылдың қазан айына салық берешегі бар, оның 10,7 мыңы - Алматы қаласы бойынша.

«Біз мұны Мемлекет басшысының кәсіпкерлік туралы қамқорлығы ретінде түсінеміз және сервис, салық деңгейінің жоғарылауымен, жаңа жұмыс орындарын құрумен лайықты жауап беруге тиіспіз», - деді Эльдар Жұмағазиев.

Өз кезегінде «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылуы мультипликативті әлеуметтік-экономикалық нәтиже береді. Ағымдағы жылы ШОБ іскерлік белсенділігін арттыруға жергілікті бюджеттен қосымша 1,7 млрд. теңге бөлінді. «БЖК-2020» жүзеге асырыла бастағаннан бері Алматыда 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, бағдарлама аясында қолдау алған кәсіпкерлерге 31 млрд теңгеден астам салық төленді.

«Атамекен» «БЖК-2020» төртінші бағытының операторы саналатындықтан, біз бағдарламаны жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізудеміз. 2018 жылдың шілдесінен бастап тегін сервистік қызметтерді Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарынан да, . services.atameken.kz онлайн-порталынан да алуға болады. 2 мыңнан астам алматылық кәсіпкер осы мүмкіндікті пайдаланды. Сауда саласындағы бизнестің ыңғайлылығы үшін жақын арада біз Алматыдағы ірі базарларда бухгалтерлік және заң қызметтері бойынша кеңесшілерді орналастыруды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, қазір қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді, оларды жүзеге асыру кезінде салық төлеушілер деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолдануы тиіс (17 қызмет түрімен толықтырылды). Енді сервистік қолдау аясында біз Алматыдағы негізгі базарларда кәсіпкерлерді ERP қолдануға үйрететін боламыз – бұл тауарлардың есебін жүйелендіруге мүмкіндік беретін және қызметтің ашықтығына ықпал ететін БКМ қызметі бар жүйелер», - деді Эльдар Жұмағазиев.

Экономиканың өңдеуші секторын қолдау үшін мемлекет басшысы 600 млрд астам теңге бөлуді тапсырды. Ұлттық палата Алматының 300-ден астам кәсіпорындарын жеті сала бойынша паспорттау жүргізді. Жүйелік проблемалар анықталды, олардың ішінде қаржы ресурстарының жүктелу деңгейі жеткіліксіз, шектеулілігі көзге ұрады.

«Қазір Үкімет, «Атамекен» және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ банктер елдің өңдеу саласын дамытудың тиімді тетіктерін талқылауда. Біз Алматы үшін бұл сын – сынақ: нақты азық-түлік белдеуін салу, нарықты отандық өніммен, көтерме-тарату орталықтарының, қазіргі заманғы қоймалардың желісімен толтыру деп есептейміз. Екіншіден, халықтың жыл сайынғы үлкен өсімін ескере отырып, тоқыма саласы мен жалпы жеңіл өнеркәсіптің дамуы», – деп есептейді Ұлттық палата Басқарма төрағасының орынбасары.

Атамекеннің Басқарма төрағасының орынбасары адам капиталын дамытуға ерекше назар аударды. Оның айтуынша, енді колледждер мен ЖОО-да тиімді оқыту шарасын бағалау жұмысқа орналасумен есептелетін болады. Биылғы жылдан бастап «Атамекен» ЖОО–ның жұмысқа орналасу өлшемдері, материалдық-техникалық базасы мен оқу бағдарламаларының нарық талаптарына сәйкестігі және т. б. бойынша рейтингін қалыптастырады. Бағаны өндірістің қандай да бір саласында бай тәжірибесі бар сарапшылар қояды. 2019 жылдан бастап ұқсас өлшемдер бойынша колледждердің рейтингі жүргізіледі.

Бұдан басқа, қазір пилоттық режимде жақын болашақта кадрларға деген қажеттілікті анықтау әдістемесі тестіленуде. Оның негізінде колледждерді қайта бейіндеу және еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша тәсілдер өзгертілетін болады.

Оқушылардың кәсіби дағдыларын анықтау үшін Мемлекет басшысы оқушыларға диагностика жүргізуді тапсырды. ҰКП бұл шешімді өте маңызды санайды.

«Жыл сайын мектеп бітіргеннен кейін 21 мың түлек ЖОО-ға түсіп, жұмыс таба алмайды. Диагностиканың артықшылығы-әрбір баланың болмыс сипатын анықтау және болашақта қандай мамандықты ала алатынын болжау.  Бұл бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Әлеуметтанушылар 9-сынып оқушыларынан мектеп бітіргеннен кейін қандай мамандықты таңдайды деген сұраққа жауап алды. Нәтижесінде 80% - ы мамандық таңдауда қиналады деп жауап берді. Бұл диагностика мәселені шешуі мүмкін», - деді Эльдар Жұмағазиев.    

Сонымен қатар,» Атамекен « жұмыс берушілерге егжей–тегжейлі сауалнама жүргізу арқылы, сондай-ақ биг-дата мүмкіндіктерін пайдалану арқылы Алматыда сұранысқа ие мамандықтарға талдау жүргізуді пилоттық режимде іске қосуға дайын.

«Биылғы жылы Жолдауда 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланатыны айтылды. Бірнеше жыл бойы біз кәсіпкерлік білім берудің толассыз жүйесін құрудамыз. Біз бұл идеяны бірнеше жыл көтеріп, студенттердің дипломдық жұмыстарын стартап-жобаларға теңестіруді ұсынғымыз келеді. Бұл идеяны кәсіпкерлік ЖОО қауымдастығы қолдады. Келесі жылдан бастап микроқаржы ұйымдарының пулын құрудамыз және ЖОО ректорлары осы МҚҰ арқылы қаржыландырылатын дипломдық жұмыстарға кепілдік беруге дайынбыз. Ерболат Асқарбекұлы сізден осы ХҚҰ арқылы студенттердің стартап-жобаларын несиелендіруге қолдау көрсетіп, мүмкіндік беруді сұраймыз. Бұл тұрғыда Алматы көшбасшылық танытуы тиіс деп есептеймін»,-деп қайырылды  Премьер-Министрдің орынбасарына Эльдар Жұмағазиев.

Егер сатып алу туралы айтатын болсақ, Алматыда олардың жалпы көлемі шамамен 900 млрд. теңгені құрайды, жергілікті қамту үлесі - 50,4%. Осы көрсеткішті ұлғайту үшін сатып алу әкімшілері үшін мақсатты индикатор бекітілді, ол отандық тауар өндірушілердің қатысу деңгейін айқындайтын болады.

«Бірақ біз проблема бар екенін көріп отырмыз: Қаржы министрлігінің сайтында бір статистика бар, әкімдіктерде екінші және жалпы қорытынды құжат мердігердің өзі саналады, ал көбінесе бұл дұрыс ақпарат емес және жауапкершілік жоқ. Осыған байланысты, қазір біз автоматтандырылған есеп жүйесін дайындаудамыз, ол отандық компаниялар өндіретін тауар позицияларын оқиды және «тартады». Яғни, енді бюджет қаржысына салынып жатқан кез-келген құрылысты ғимарат іргетасына құйылған сәттен бастап қазақстандық мазмұнға мониторинг жүргізуге болады. Бауыржан Қыдырғалиұлы, сіз жергілікті қамту бойынша комиссияны басқарасыз. Менің ойымша, жақын арада біз сіздердің өкілеттіліктеріңіздің аясында жедел шешім қабылдау үшін мердігер ұйымдардың отандық өндіріс тауарларын пайдалануының нақты көрінісін ұсына аламыз», - деп мәлімдеді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

«Атамекеннің» тағы бір ұсынысы - Алматы кәсіпкерлеріне «нақты уақыт режимінде» жедел сауалнама жүргізу және ұялы телефондар арқылы бизнеспен кері байланыс алу.

«Бұл механизм Оңтүстік-Шығыс Азия мегаполистерінде кеңінен таралған және push-хабарламалар жүйесі. Бізде кәсіпкерлердің өзекті телефон базасы бар. Менің ойымша, мұндай платформа біздің оңтүстік астанамыз тұрғындарының, соның ішінде кәсіпкерлердің де әлеуметтік жағдайын тез бақылауға және оларға қатысты жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», - деді Эльдар Жұмағазиев.

Бұдан басқа, Ақтөбе облысындағы пилоттық жобаның тәжірибесі негізінде Ұлттық палата Алматыда скрининг өткізуді ұсынды. Ол кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа, перспективалы нысандарын анықтауға және субъектілердің геолокациясын нақты мамандандырумен және анықтаумен интерактивті геоақпараттық даму картасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Бұл кәсіпкерлерге халықтың нақты трафигі мен нақты үйдің, шағын ауданның, көшенің жылу картасын көруге мүмкіндік беретін маркетингтік құрал», - деп түйіндеді Эльдар Жұмағазиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер