astana-view

Тұжырымдама қабылданды, алайда сұрақтар қалды-Елдос Рамазанов

2018 жылғы 31 Қазан
3659 просмотров

Қазақстандық бизнесті экологияландыру  моделін әзірлеу және енгізу үшін уақыт керек, деп есептейді кәсіпкерлер

Бұл туралы Ұлттық палата Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың сондай-ақ мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер өкілдерінің қатысуымен, Николай Радостовецтің төрағалығымен өткен «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының геология саласы, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің отырысында айтылды.

Елдос Рамазанов ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, оның ішінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингі – ЭЫДҰ-ның барлық елдеріндегі қолданыстағы құрал екенін атап өтті. Ол көптеген дамушы елдерде де қолданылады. Оны пайдалануға ЕАЭО бойынша Ресей және Беларусь сияқты серіктестер кіріседі. Бұл ретте, экологиялық заңнаманы реформалау шеңберінде бизнес жаңа кодекстен қандай шығындар мен артықшылықтары бар екендігін түсінуі қажет.

«Экологиялық кодекс тұжырымдамасы қабылданды, алайда сұрақтар қалды.  Тұжырымдаманың негізгі принципі белгілі - «ластаушы төлейді» және «ең жақсы, қолжетімді технологияларға көшу» (ҚЖТ). Бірақ бізде екі басты мәселе бар – есеп пен уақыт. ҚЖТ енгізу үшін бизнеске қанша уақыт қажет және ол қанша тұрады? Еуропа елдері ҚЖТ анықтамаларын әзірлеуге 2,5 жыл жұмсады. Ресей-7 жыл. Ал біз мұның бәрін тез арада енгізгіміз келеді. Менің ойымша, ресейлік тәжірибені зерделеп, оның негізінде бизнесті экологияландырудың қазақстандық үлгісін нақты мерзімдермен әзірлеу керек», – деді Елдос Рамазанов.

Өз кезегінде, Комитет төрағасы Николай Родостовец экологиялық реформалар кен өндіру саласының кәсіпорындары үшін өте маңызды екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдаланудың бірі-карьерлерді қазу барысында пайда болатын сатылмайтын аршылған тау жыныстары. Жауапты жер қойнауын пайдаланушылар оларды қайта өңдеп, өз өндірісіндегі қалдықтарды азайтқысы келеді. Бірақ бұл уақыт пен қаржылық шығындарды талап ететін өте регламенттелген заңнама осындай жұмыстарды жүргізуге ынталандырмайды», - деді Николай Родостовец.

Бұдан басқа, комитет төрағасы Үкіметке техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеуді ынталандыруға қатысты бірқатар түзетулермен жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі бастамамен өтініш жасауды ұсынды.

Сондай-ақ, отырыста WorldSkills Hi - Tech-2018 халықаралық жарысының қорытындысы айтылды.

«Қазақстан ең үлкен құрама ретінде танылды. Жарысқа еліміздің тау-кен металлургиялық кешенінің ірі кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Біз осы жарыстарда өте лайықты өнер көрсеттік, 10 жүлде жеңіп алдық. Мұндай іс - шаралар қазақстандық адами капиталдың сапасын, біздің мамандарымыздың жоғары кәсібилігін көрсетеді деп сенемін», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту комитетінің төрағасы Талғат Доскенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер