astana-view

Қостанайлық кәсіпкерлер мәселелерін ортаға салды

2018 жылғы 31 Қазан
- Қостанай облысы
5612 просмотров

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Владимир Шакун кәсіпкерлерге арнап жеке қабылдау өткізді.

Бизнес өкілдері жеке сұрақтарын қойып, сонымен қатар республикалық деңгейге шығуды талап ететін жүйелі түрде орын алатын түйткілдерді де көтерді.

 84 жасар ақсақал Қорғанбек Абдулла – Таранов ауданында шаруа қожалығының басшысы. Бірнеше жыл бұрын шаруада 60 бас ірі қара, 200 га жайылымдық жер мен техника болған. Қазір тақыр жер ғана қалған.

 «2014 жылы менің малымды жасанды сенім хатпен сатып жіберген. Техника да жоғалып кетті. Қылмыстық іс қозғалды, кейін тоқтады. Содан бері ештеңе істей алар емеспін», – де налыды шаура.

 Владимир Шакунның айтуынша, осы күрделі оқиғаның шешімін табу үшін Кеңес мүшелері Таранов ауданының Аудандық ішкі істер бөлімі мен Қостанай облысы прокуратурасына сұратым жібереді.

Жеке кәсіпкер Темірхан Бүркітбаев қабылдауға кеңес алу үшін келген.  Маусым айында ол автокранды бір құрылыс компаниясына жалға берген.  Жұмыстар баяғыда аяқталған, ал жалдау құны әлі төленген жоқ.

 «Тура осындай жағдайға тағы 19 адам тап болған, олар объектіде жұмыс істеген, әлі еңбекақыларын ала алмай жүр. Біз түрлі инстанцияларға жүгіндік, нәтижесіз. Жұмысшылармен шарттар жасалмаған деп айтып отыр», – деді кәсіпкер.

 Ал кәсіпкерде жалға беру келісімшарты бар, демек сотта жеңіске жетуге мүмкіндік бар. ӨКП Құқықтық қорғау бөлімінің бастығы Ренат Давлетбаев Темірхан Бүркітбаевқа «Атамекеннің» жаңа сервисі «Құжаттар конструкторын» қолдануға кеңес берді.

 «Аталған құрал арқылы талап арыз құруға болады – сізден керегі кестелерге деректерді толтыру», – деді маман.

Ал «Надежда-С» ЖШС директоры бірнеше ай қатарынан мәселесін шеше алмай келеді. 

 

«Компаниямыз техникалық қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Егер  құрылыс кезінде бұзушылықтар анықталса, мен атқарылған жұмыс актілеріне қол қоймаймын. Ал тапсырыс беруші мұны «мен ештеңе төлеуім керек емес» деп түсінеді. Менде тамыз айынан бастап 6 келісімшарт төленбей жатыр. Сарапшылар қалай күн көрмек? Кейбір әріптестерім, табыссыз қалмау үшін кез келген құжатқа қол қоюға дайын екенін жасырмаймын. Ал нәтижесі қорқынышты...», – деді Владимир Семенов.

 Бұдан шығар жол біреу – мемлекеттік сатып алулардың үлгілік келісімшартынан техникалық қадағалау сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу мердігердің объект бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлеміне қарай жүргізіледі деген тармақты алып тастау керек. Алайда билік өкілдері асығар емес.

 «Бұл оқиға күнбе күн болып жатыр. Мұнда әлеуметтік аспект бар, үй тәрітп бойынша салынбаса, кім зардап шегеді?», – деді Владимир Шакун.

 Ұзақ талқылаулардан кейін бұл жұмысқа «Атамекен» ҚР ҰКП Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі комитетті жұмылдыру туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер