astana-view

Әлеуметтік жауапкершілікті туған өлкеден бастаған кәсіпкерлер

2018 жылғы 09 Қараша
- Павлодар облысы
8043 просмотров

Бизнес және әлеуметтік жауапкершілік тығыз байланысты. Заманауи компаниялар өз қызметтерінде мақсат – табыс табу ғана емес екенін байқатып келеді.

Әлеуметті жауапты болу қызметтің түрі мен бизнестің көлеміне мүлде байланысты емес. Мәселен, Павлодарда қоғам алдында жауапкершілік принципін енгізуді көздеген фирмалар бар, олар қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасап, түрлі әлеуемттік міндеттерді орындауды мақсат еткен.

 Сондай кәсіпорындардың бірі – Железин ауданындағы «Жұмабек» шаруа қожалығы. Қожалықты ағайынды Данияр мен Марат Бақауовтар басқарып отыр.

 Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы көп бағыттарды осы қожалық іске асырып келеді, өңірдің агроөнеркәсіп кешені дамуда, бұл үдеріс еңбек өнімділігінің артуы және заманауи агро технологияларды тарту арқылы жүзеге асып отыр.

Бүгінде шаруа қожалығында жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың орташа айлық еңбекақысы  50-60 теңгені құрайды, Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес бұл көрсеткіштер артатын болады.

 2017 жылы «Жұмабек» шаруа қожалығының басшылары ауыл мектебіне және туған ауылға спорт кешенді сыйға тартты. Керемет сыйлықтың құны – 15 млн теңге.

 Құрай өсіп кеткен жерде қысқа мерзім ішінде тұрғындардың көз алдында жаңа спорт кешені бой көтерді. Спорт кешенінде жасанды жабын төселген мини-футбол алаңы (ол қыста хоккей корты болады) бар, воркаут-алаңы, турниктер, брусьтер орнатылған, ал жылытылған вагон-контейнер балалардың қыс күндері киім ауыстыруына арналып салынды.

 Түнгі уақытта спорт кешені жақсы жарықтандырылған.  Барлық спорттық жабдықпен қамтылған спорт залы қайтарымсыз негізде берілді. Онда күрес, бокс бойынша жаттығулар өтеді, бұған қоса сапалы жаттығулар өткізу мақсатында Екібастұз қаласынан бокс бойынша кәсіби жаттықтырушыны жалдап, балалар секциясы ашылды. Нәтиже бірден байқалуда: балалар жарыстардан жүлделі оралып жүр.

   «Мұндай игі шаралар бизнестің үлгілі әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді. Бұл кешен балаларға ғана емес ауыл тұрғындарына да салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік болып отыр.  Спорт кешені жаппай спорт және дене тәрбиесіне қолжетімділікті қамтамасыз етіп отыр. Салауаттылық Елбасы Жолдауында айтылған», – деді ӨКП Железин ауданы филиалының директоры Талғат Қожамжаров.   

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер