astana-view

«ТКШ-ҚҰРЫЛЫС-ЭКСПО. SMART CITY-2018» АСТАНАДА ӨТЕДІ

2018 жылғы 12 Қараша
2036 просмотров

15-16 қарашада «КӨРМЕ» орталығында тұрғын үй-коммуналдық және құрылыс салаларын дамытуға жәрдемдесуге бағытталған «ТКШ-құрылыс-Экспо. Smart City-2018»  халықаралық көрме-форумы өтеді.

Оған «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері мен құрылыс және ТКШ саласындағы Ұлттық палатада тіркелген қауымдастықтар қатысады.

Форумның іскерлік бағдарламасында келесі іс-шараларды қамтиды:
- Қалалық шаруашылықтағы «жасыл «және Smart технологияларының қол жетімділігі» интерактивті конференциясы. Басты сұрақтар: ақылды және тұрақты қала шаруашылығы, қалада адамдардың өмірін жеңілдететін «жасыл» және Smart технологияларға қол жетімділікті қамтамасыз ету;
- «ТКШ-құрылыс-Экспо. Smart City-2018» ХІ халықаралық көрмесі;

Көрмеге  мына бағыттар бойынша жаңа өнімдер қойылады:

- SMARTСITY-қызметтің барлық салаларындағы көрменің жаңа бағыты: зияткерлік жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, бұлтты шешімдер, жабдықтар, техника, аспаптар, автоматтандыру, цифрландыру:

- энергия үнемдеу, энергия тиімділігі, инновациялар;

- құрылыс технологиялары, материалдар, жылыту жабдықтар;

- жобалау, жылумен жабдықтау, жылыту жүйелері;

 - сумен жабдықтау, су дайындау, канализация, ЛОС, тазалау технологиясы, есептеу құралдары;

- газбен жабдықтау, желдету жүйесі;

- «жасыл технологиялар», «ақылды үй», « жылы едендер»;

- жарық техникасы, электр жабдықтары, электротехника;

- жылу-дыбыс-гидроизоляция;

- коммуналдық қалдықтар, жинау, сұрыптау, кәдеге жарату;

- коммуналдық техника, лифт шаруашылығы;

- аула алаңдарын абаттандыру, көгалдандыру;

- коммуналдық техника.

Бағдарламамен мына жерден танысуға болады.

Көрме-форумға қатысу тегін. Шақыру билетін жүктеу үшін сілтеме бойынша өту қажет 

http://www.zhkhexpo.kz/rus/uchastnikam/register/


Еншілес ұйымдар

Серіктестер