astana-view

ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі: Жедел пікір алмасу қажет

2018 жылғы 19 Қараша
2913 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен ЕАЭО-ның ішкі нарық, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Каринэ Минасянмен кездесу өтті.

Кездесуге қазақстандық тараптан «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева және ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқов қатысты.

Министр мен оның командасы қатысушыларды ЕАЭО цифрлық күн тәртібі аясындағы негізгі бастамалар бойынша жұмыс барысымен қысқаша таныстырды:

 

  • Интероперабельділік
  • Деректер айналымы
  • Цифрлық бақылау
  • Цифрлық сауда
  • Цифрлық көлік дәліздері
  • «Реттеуіш құмсалғыш»
  • Өнеркәсіптік кооперация
  • Цифрлық технологиялар трансфері.

Қазақстандық тарап өкілдері қазақстандық бизнес-қауымдастық ЕАЭО цифрлық күн тәртібін талқылау үдерісіне белсенді қатысуға дайын екенін хабарлады. Нақты жобаларды іске асыруға мүдделілік бар. Сонымен қатар, әрбір бағыт бойынша жедел үйлестіру және тәжірибе алмасу тек қатысушы елдердің мемлекеттік органдары арасында ғана емес, бизнес пен бизнес-қауымдастықтардың белсенді өкілдері үшін де маңызды.

«Одақ елдері цифрлық технологияларды енгізудің түрлі сатыларында. Бұл ретте, әрбір елде оң тәжірибе де, негізгі бастамалар бойынша проблемалық мәселелер де жинақталған. Жалпы жобаларды іске асыру алдында экожүйеге диагностика жүргізу, қатысушылар арасында ақпарат алмасу бойынша жобалық офис құру пайдалы болар еді. Бұл жедел түрде қозғалуға мүмкіндік берер еді», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева. 

Сондай-ақ тараптар тауарларды таңбалау жобалары мен цифрлық көлік дәліздері, жалпы экономикалық қызметті жүргізуде кездесетін кейбір кедергілер туралы ағымдағы мәселелерді талқылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер