astana-view

Жаңа футбол мектебінің құрылысына отандық материалдар жұмсалған

2018 жылғы 20 Қараша
- Ақмола облысы
5888 просмотров

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі жұмыс тобы салынып жатқан объектілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Мониторинг мақсаты – әзірлеушілердің жобалық-сметалық құжаттамасының талаптары қаншалықты орындап отыр, атап айтқанда құрылыс материалдар отандық өндірушілерден алынатынын анықтау.

 Көкшетау қаласындағы «Оқжетпес» балалар-жасөспірімдердің футбол мектебін салу уақытында 100%-ға отандық материалдар пайдаланылды. Осында тұжырымға нысанға мониторинг жүргізген жұмыс тобының мүшелері келген. Белгілі болғандай, биыл 24 қаңтар күні Ақмола облысы құрылыс басқармасы «УК Строй» ЖШС мердігерлік ұйыммен осы объектіні салуға келісімшарт жасады.

Қазіргі таңда объектідегі құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, тіпті пайдалануға беру актісіне де қол қойылған. Негізгі құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен жабдықтары үшін жобалау-сметалық құжаттамада жергілікті қамтудың үлесі 91,82% -ды құраған. Қалған 8,18% – Қазақстанда өндірілмейтін арнайы тренажерлар, санитариялық-техникалық жабдықтар.

Құралыс басқармасы жетекшісінің орынбасары Ғалия Истислямованың айтуынша, объектінің құрылысы кезінде тек жергілікті құрылыс материалдарымен ғана емес, сондай-ақ арнайы инженерлік-техникалық жабдықтармен (сорғы, тарату жүйелері және т.б.) пайдаланылды.

 «Құрылыста жиі қолданылатын құрылыс материалдардың кейбір түрлері Қазақстанда өндірілмейтіні өніде ғана емес, бүкіл еліміздегі өзекті мәселе. Ақмола облысында құрылыстың барлық түрі – қиыршық тас, кірпіш, темір бетон бұйымдары және басқа материалдар өндіріледі», – деді ӨКП сарапшысы Бейбарыс Ізімберген.

 Айтпақшы, қазіргі уақытта тапсырыс беруші объектіні эксплуатациялық ұйымға жібереді. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, оның ашылуы 1 желтоқсанға жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер