astana-view

Жаңа мәртебедегі ынтымақтастық

2018 жылғы 26 Қараша
- Шымкент қаласы
9225 просмотров

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы пен Шымкент қаласының Прокуратурасы Кәсіпкерлердің жүйелі мәселелерін анықтау мен шешу бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімге қол қойды.

 Құжатқа Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров және Шымкент қаласының прокуроры Мақсат Қожабаев қол қойды.

 Бұл Келісімнің мақсаты кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін қорғау, бизнестегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, жүйелік бизнес проблемаларын уақтылы анықтау және шешу, сонымен бизнеске қатысты заңнамалық шаралар туралы бизнес қоғамдастығының хабардарлығын арттыру болып отыр.

Ынтымақтастық – Кәсіпкерлердің түйткілді мәселелер тізілімін құру, мәселелерді анықтау мен шешуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру, сонымен қатар әкімшілік кедергілерді азайту арқылы  кәсіпкерлік қызмет субъектілердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін болады.

 Келісім ақпаратпен алмасу, кәсіпкерлікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі бірлескен жұмыс жүргізу, әкімшілік кедергілерді жою мен рұқсат ету процедураларын оңтайландыру, құқық бұзушылықты  анықтау, алдын-алу, жолын кесудің бірлескен механизмін енгізуді қарастырады.

 «Аталған Келісім Оңтүстік Қазақстан облысының Өңірлік палатасы мен Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы арасындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау туралы алдында қол қойылған Меморандумға сәйкес жасалды. Шымкент қаласының мәртебесі ауысып, облыстың атауы өзгергендіктен біз жаңа құқықтық құжат негізінде ынтымақтастықты жалғастыруды шештік», – деді ӨКП директорының орынбасары Қайрат Акенов.

 Қайрат Акеновтың айтуынша, аталған Келісім аясындағы бірлескен жұмыс кәсіпкерлік субъектілерінің пайда болған проблемаларын шешуде бизнесті қолдауға және уақтылы көмек көрсетуде жұмысты тиімдірек жүргізуге мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер