astana-view

Мектеп пәні зауытта өтті

2018 жылғы 26 Қараша
- Маңғыстау облысы
8270 просмотров

 «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері». Ақтау қаласының АТ-лицейінде жүргізіліп отырған пилоттық жобаданың жаңа пән атауы осындай.

Сабақ аптасына бір рет 10-сынып оқушылары үшін өткізіледі. Пәннің негізгі мақсаты- оқушылардың кәсіби әрі бизнес дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жаңа пәннің оқу жоспарына экономикалық терминология, бизнес-жоспар жасау, заңды тұлғаны тіркеу, маркетинг, қаржылық есеп және бизнесті құқықтық реттеу секілді тақырыптар кіреді.

Теориялық әдістермен қатар тәжірибе жүзінде де көріп, білу үшін сабақтар облыстың табысты кәсіпкерлерімен түрлі кәсіпорындарда кездесу, экскурсия, шеберлік сағаттары түрінде өтеді. Жастармен кездесуге қуана келісім берген кәсіпкерлердің бірі- «Берекет-Ф» ЖШС бас директоры Зарета Фаталиева. Оқушыларды «Ақнек» сүт зауытындағы сапарда басшысының өзі қарсы алды. Зарета Ахмеддуллақызы – іскер ханым, бірақ қаурыт жұмысына қарамастан, ол үнемі жастармен кездесуге уақыт табады.

Оқушыларға зауыт ішінің сандық жүйеде қызмет ету барысын түсіндіруге сүт зауыты директорының орынбасары Мадина Абдугалимова және өндіріс менеджері Ақгүл Құбатқанова да ат салысты. Олар зауыттың жұмыс барысын, озық техникалармен жұмыс істеудің табыстылығын айтып, көрсетіп берді. Оқушылар сүт өнімдерін өндіру процесін көрді, тіпті тағамдардың дәмін де Балаларды сүт өнімдерін дайындау технологиясы қатты қызықтырған. Олар мамандарға толассыз сұрақтар қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Жанар Құлшықова, оқытушы:

«Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен сабағымыз ерекше өтті. Оқушыларымыз кәсіпорындардың заманауи техникамен қалай жұмыс істейтінін көзбен көрді, қолмен ұстады. IT-технологиялардың тамақтану саласының дамуында қаншалықты маңызды рөл атқарып отырғанын түсінді. Сондықтан да оқушылар атынан алғысымды білдіргім келеді. Кәсіпкерлердің еңбегіне табыс тілеймін».

Сондай-ақ, «Бикада» ЖШС бас директоры Асқар Биябаев та оқушыларға дәріс өткізді. Сабақ табысқа өз еңбегімен қол жеткізген іскер азаматпен сұхбаттасу түрінде қызықты ұйымдастырылды. Балалар IT-технологиялар саласында түйіткілді сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасып, басқа да компания басшыларымен оқушылар жүздесетін болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер