astana-view

Қазақстанда азаматтық заңнаманың халықаралық тәжірибесі енгізіледі

2018 жылғы 27 Қараша
3991 просмотров

 «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Әділет министрлігімен әзірленген Қазақстан Республикасы «Ағылшын және еуропалық құқық принциптері мен ережелерін іске асыру негізінде азаматтық заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының Тұжырымдамасы келіп түсті.

Тұжырымдаманың мазмұны айтарлықтай құрылымды. Әзірлеушілерге  халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде, Германия, Ұлыбритания, Ресей және Канада сияқты елдердің тәжірибесін енгізу арқылы азаматтық заңнаманы жетілдіру ұсынылды.

Сонымен, Тұжырымдаға ұсынылған тармақтар:

  1. Құқықты теріс пайдаланудың бір формасы ретінде қарама-қайшы әрекетке тыйым салуды енгізу («venire contra factum proprium» принципі; эстоппель ағылшындық құқықтық тұжырымдамасы).
  2. ҚР Азаматтық кодексін «Сlausula rebus sic stantibus» міндеттемелерінің өзгеріссіздігі туралы тармақпен толықтыру (ағылшын келісімшарттардың фрустрациясы институты).
  3.   Шығындар, келісімшартты тоқтатқан кезде шығындарды өтеу (абстрактылы шығындар) бұзушының негізделмеген кірістері мен жіберіп алған кіріспен байланысты мәселерді шешу.
  4. Келесімшарттық орындамаушылықты орындамау туралы ережелерді жетілдіру.
  5. Азаматтық заңнамаға «indemnity clause» шығындар, жоғалтудан ескеру келесімшарттық практикасында таралған реттеуді енгізу.
  6.  Абоненттің және агенттік келісімшарттар.
  7. Эскроу келісімшарты және эскроу шоты келісімшарты.

 Инвестициялық заңнаманы жетілдіру аясында «инвестор», «инвестициялар», «инвестициялық қызмет», және «инвестициялық даулар» түсініктерін нормативтік нығайтуды жетілдіру; халықаралық келісімшарттар негізінде шетелдік тікелей инвестицияларды реттеу; инвесторларға кепілідктер беру, шетелдік төрелік шешімдерді тану және орындауды міндеттеу ұсынылады.

 Әзірлеушілердің пікірінше, Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – қазақстандық құқық жүйесін, оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және инвестициялық тартымдылықты арттыру, сондай-ақ қолайлы бизнес-ортаны құру арқыды  жетілдіру.

 Тұжырымдамамен мына сілтеме арқылы өтіп, танысуды ұсынамыз, егер ұсыныстар мен (немесе) ескертпелер болса, ақпаратты a.abdullina@atameken.kz электронды мекенжайына жолдауды сұраймыз.

 Назар аударыңыздар: 2018 жыл 30 қарашада Тұжырымдама ҚР Әділет министрлігі жанындағы заң жобалық қызмет бойынша ведомствоаралық комиссиясы отырысына шығарылады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер