astana-view

Көкшетауда техникалық қызмет көрсетудің жаңа станциясы ашылады

2018 жылғы 28 Қараша
- Ақмола облысы
6258 просмотров

Көкшетаудың экономикалық картасында жаңа объект – техникалық қызмет көрсету станциясы пайда болады. Қазіргі таңда осы жобаның бастамашысы жеке кәсіпкер Валентин Моисеев оны іске қосуға дайындалып жатыр.

Кез келген жаңа іс еңбекті талап етеді. Осыны ойына түйген Валентин Моисеев 2016 жылы Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасына жүгініп, жобаны іске асыруға көмек сұраған. Халықаралық тасымалдаумен айналысқан көп жылғы тәжірибесі бар шопыр ауыр жүк машиналарына арнап техникалық жөндеу станциясын ашпақ болады.

«Осындай шешімге келуіме алған жер учаскесі түрткі болды. Қалалық сәулет, қала құрылысы басқармасы учаске мақсатты пайдалануға сай келеді деп бірден оң қорытынды берді. Ары қарай жұмыс тұрып қалды. Қалай несие алуға болады, басқа да рұқсат қағаздар, коммуникацияларды қосуға техникалық шарттарды қалай алу жөнінде Палата көмегіне жүгіндім», – деді кәсіпкер.

 ӨКП-ның құқықтық блогы сарапшылары кәсіпкерге әрекет етудің алгоритмін құрып берді. Бастапқыда құрылыс жүргізуге рұқсат қағаздарды дайындауға көмек берді, коммуналдық қызметтерге қосылуға техникалық шарттарды алу тәртібін әзірледі. Бір мезгілде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Моисеевке «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы несие алуға бизнес-жоспар әзірлеуге көмектесті, нәтижесінже бизнес-жоспар қорғалып, несие алынды.

Эскизді жобаны әзірлеп бекітуге жарты жыл кетті. 2017 жылдың көктемінде кәсіпкер сәулет-жоспарлау тапсырмасын алып, құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісті. Авторлық және техникалық қадағалау, мердігерлік ұйыммен келесімшарттар жасалды.  

Ал электр энергиясымен жабдықтауға техникалық щарттарды алу оңайға соқпады. Ал жақын жерде орналасқан энергия көздерінің барына қарамастан, кәсіпкерге учаскеден 1,5 шақырым жерде орналасқан қосалқы станцияға қосылу ұсынылды. Бірақ іске Палата сарапшылары кіріскенде, мәселені реттеуге қол жетіп, энергиямен қамту жобасы қалыпты шеңберде жүзеге асты.

 «Бұл жайт кәсіпкердің жалғыз өзі ресми процедуралармен күресудің оңай еместігіне жақсы мысал. Талдау көрсеткендей, құрылыс-сәулет рұқсат рәсімдеріне деген талаптар төмендегенін көрсетуде. Дегенмен әлі әкімшілік кедергілер, оларды мемлекеттік қызметкерлер жасанды қолданады – техникалық шарттарды орындау бойынша талаптарды жоғарылатады, қызметтер стандартында көрсетілмеген қосымша құжаттарды немесе керісінше стандартқа сай емес қызметтер көрсетіледі. Осындай кедергілерді азайту үшін Палата жүйелі жұмыс жүргізіп келеді», – деді Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиымл жөніндегі кеңестің төрайымы Валентина Геращенко.

Биыл қыркүйек айында құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда ТЖО жылу жүйесіне қосылып, іске қосуды реттеу жұмыстары жүріп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер