astana-view

Өзін-өзі реттеуге өту үдерісіне не кедергі?

2018 жылғы 29 Қараша
3985 просмотров

Мемлекеттік органдармен кері байланыстың болмауы салаларға өзін-өзі реттеу жүйесін енгізуді тежеп отыр.

 Бұл мәселені өзін-өзі реттеу жүйесінің қатысушылары «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі комитет отырысында көтерді.

Жиынды ашқан  «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы Ұлан Байжанов оңалту және банкроттық процедураларындағы әкімшілер, экологиялық аудиторлар және нотариустардың өзін-өзі реттеуге кезең-кезеңмен өту мәселесін қарауды ұсынды.

 «Өзін-өзі реттеуге өтудің бірінші кезеңі – реттеушілік әсерді талдауды жүргізу болып отыр. Нарықтың фукцияларды беруге дайындығын білу қажет. Бүгінде егер мемлекеттік орган өз фукцияларын «өшіріп» тастаса, біз Ұлттық палата ретінде аталған жұмыстың белсендіруді бастамалауға дайынбыз», – деді Комитет төрағасы Ұлан Байжанов.

 Реформа аясында мемлекеттік фукциялардың кейбірін оңалту және банкроттық процедуралардағы әкімшілерге беру жоспарланып отыр. Осы ретте «Жетісу» банкроттық іс бойынша кәсіби менеджерлер одағы» өңірлік қоғамдық ұйымының «Өзін-өзі реттуде төлеуге қабілетсіз азаматтарды  қалпына келтіру туралы» заң жобасы бойынша ұсыныстары елеусіз қалды.

 «Қаржы министрлігінің функциялардың жартысын бәсеке ортасына беру туралы хабарламасынан кейін 1,5 жыл өтті. Өзін-өзі реттеуді енгізуге дайынбыз. Ол үшін кәсіби басқарушылар палаталары бірікті, енді ұлттық стандарт құруға дайын отыр. Алайда өкілетті органнан кері байланыс, жауап жоқ», – деді Одақтың төрайымы Мәрияш Қабикенова.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсіновтың айтуынша, мәселе әлде қайда терең. Оңалту және банкроттық комитеті жұмыс істеген уақытта жағдай тұрақты болған. Комитет оңалту процедурасымен, ал салық комитеті – салық жинаумен айналысты.

«Екі комитетті біріктірген соң Қаржы министрлігі жанынан Мемлекеттік кірістер комитеті пайда болды, ал онда фискалды функцияларға көбірек басымдық беріліп келеді. Оңлату мәселесі ілеспелі мәнге айналғаны түсінікті», – деді Рустам Жүрсінов.

 Көп жағдайда Мемлекеттік кірістер комитеті банкроттық операцияларына бастамашы болады. Комитет кәсіпорынның қай бөлігін банкроттық деп тануды тегін жүргізу керек, ал қай кәсіпорын арқылы ақша табуға болатыны жайында белгіленген тізімді беретінін сала өкілдері айтып берді.

 «Өзін-өзі реттеу жүйесін енгізудің кенжелеуінің бір себебі – «феодалдық қарым-қатынас». Тегін қалай жұмыс істеуге болады?!», – деп атап өтті Басқарма мүшесі.

 Тура осындай жағдайға экологиялық аудиторлар тап болған. Биыл Өзін-өзі реттеуді енгізу бойынша нормаларды Экологиялық кодекстің әзірленіп жатқан жобасына енгізу ұсынылды.

 «Экологяилық кодексі тұжырымдамасы бар. Алайда кодексті әзірлеу туралы ешқандай ақпарат жоқ», – деді «Кәсіби экологиялық аудитордың ұлттық палатасы» қауымдастығы ЗТБ президенті Мирас Байсейітов.

Комитет жиыны барысында нотариустардың өзін-өзі реттуге өткенде «Реттеушілік әсерді талдау» формасын толтыру мәселесі көтерілді.

Заңнамаға сәйкес нотариаттық қызмет кәсіпкерлік қызметке жатпайды.

«Реттеушілік әсерді талдаудың қолданыстағы формасы бизнеске бейімделіп жасалған, сондықтан пайда мен шығындарды талдау қажеттілігіне  там болып отырмыз. Бізде олар жоқ», – деді Республикалық нотариаттық палатасының төрайымы Әсел Жанәбілова.

 Бұған дейін Нотариаттық палата өкілетті органға нотариаттық қызметке қатысты нормативті талаптарды қайта қарау немесе  палатаны толтыру формасынан босатуды ұсынумен хат жіберген болатын. Жауап әлі келген жоқ.

 «Егер бізге осындай демеу көрсетілгенде, өзін-өзі реттеуге өту процесі оңайға соғар еді. Нотариустарда міндетті сақтандыру, мамандыққа кіру және шығу стандарттары, тағылымдама туралы ереже бар. Жалғыз Реттеушілік әсерді талдау ғана үдерісті тежеп тұр», – деді Әсел Жанәбілова.

 Жиынды қорытындылай келе, Ұлан Байжанов комиеттің келесі отырысына мемлекеттік органдар өкілдерін шақыруды ұсынды. Сонымен қатар Ұлттық палатаның жауапты құрылымдық бөліміне  бар мәселелерді шешу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға хаттар жіберу тапсырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер