astana-view

Түркістандық кәсіпкерлерді өз жерлерінен айырып, ақша төлеуге мәжбүрлеуде

2018 жылғы 15 Желтоқсан
- Түркістан облысы
13210 просмотров

Бизнесмендер шенеуніктердің заңсыз әрекеттеріне наразылық білдірді

Түркістанда кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесте жеке кәсіпкер Анатолий Рунковтың шағымы қаралды. Кәсіпкер полицияның шамадан тыс ақша талап еткендігіне наразылық білдірді.

Бизнесменнің Арыста бірнеше кәсібі бар, машина жуу, дүкен, шаштараз, монша, кафе, дәнекерлеу цехы жұмыс жасайды. Бизнесі алға басты, бірақ 2015 жылдың көктемінде оған полиция қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар өздерінің «қамқорлығын» ұсынды. Әрине, тегін емес. Бас тартқан жағдайда полиция кәсіпкерді «орнына» қоюға бопсалаған.

Отбасының қауіпсіздігіне  алаңдаған Анатолий Рунков 10 000 АҚШ долларын беруге мәжбүр болды. Бопсалау екі жылға созылды: 2015 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің сұраныстарының толастамайтынын түсінген кәсіпкер, жемқорлыққа қарсы күрес бөліміне шағымданды. Осыдан кейін ол Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментіне арыз жазды.

Анатолий Рунковтың айтуынша, тергеу зерттеу шаралары сапасыз өткен. Шағымданушы мен айыпталушыны арасында кездестірулер болмаған. Дегенмен,  кәсіпкерге қорқытып алу кезінде алған барлық ақшалар қайтарылды, тіпті болашақта мазаламайтындары туралы уәде берді. Бірақ, бопсалаушылардың бостандықта қалғандықтан, қауіпсіздігіне ешқандай кепіл болмаған соң, кәсіпкер облыстық Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

Палата сарапшылары шағымды егжей тегжейлі зерттеп, шағым бойынша облыстық прокуратураға, сондай-ақ Мемлекеттік істер жөніндегі департаментіне және облыстық Ішкі істер департаментіне тиісті сұрауларды жіберді. Палатаның бастамасымен бұл іс қайта қаралып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша департаментіне жіберілді.

«Қазіргі уақытта департамент тиісті зерттеулер жүргізіп, кәсіпкер мен айыпталушы арасында жүздестірулер жоспарлануда. Бұл мәселе тек бұл кәсіпкерде ғана емес, ұқсас проблемаларын ашық айта алмайтын кәсіпкерлерге де маңызды болмақ.  Кінәлілердің жазаланатындығына және мәселе қайталанбайтынына кепілдік жоқтығына байланысты, бұл мәселе Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңеске ұсындық», – деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жомарт Махмұт.

 

Кеңес мүшелері Ұлттық Бюро тергеуінің нәтижелерін күтуге және мәселені республикалық деңгейде көтеруге шешім қабылдады. Сондай-ақ, Түркістан облысы және Шымкент қаласының ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне және Бас прокуратураға хат жолдауға келісті.

Кәсіпкерді жерінен айырлуына мәжбүрлеуде

Кеңестің күн тәртібіндегі екінші қаралған мәселе жеке кәсіпкер Дәурен Ержановтың шағымы болды. Мұнда кереғар жағдай қалыптасты: ғимараттар мен құрылыстар кәсіпкерге тиесілі ал олардың астындағы жер тиесілі емес. Ол 2011 жылы Ордабасы ауданы Бадам ауылында жер учаскесін жалға алып, оған мемлекеттік акт және жалдау шартын жасасқан. Жер учаскесіне теміржол тұйықтарын, 2 қабатты әкімшілік ғимарат және басқа да нысандар салған.  Осы уақытқа дейін кәсіпкер жер учаскесін құрылыс материалдарын және көмір түсіру базасы ретінде пайдаланды. Ол осы жылдар бойы үнемі жалдама ақысын уақтылы төлеп тұрған. Алайда, ағымдағы жылдың басында кәсіпкер өзінің жер учаскесінің басқа кәсіпкерге, облыстық мәслихаттың депутаты С. Әбжаловқа тиесілі екендігін біледі. Бүгінгі күнге дейін жылжымайтын мүлік объектілеріне меншік құқығы және жер телімін уақытша пайдалану құқығын ешкім күшін жоймағанына қарамастан, депутатқа жеке меншікке жер учаскесін Бадам ауылдық округінің әкімдігі беріпті.

Кеңестің төрағасы Орынбасар Қабиштаевтың айтуынша, бизнесті жеңілдету бойынша қабылданған шараларға қарамастан, мемлекеттік органдар тарапынан жер қатынастары саласындағы әкімшілік кедергілерді тудыру жалғасуа.

Палата қаралған өтініш бойынша Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросына хат жолдады. Облыстың жер инспекциясы тексеру жүргізіп, С. Абжаловқа жер учаскесін заңсыз брілгендігі туралы қорытынды шығарып, облыстық Ішкі істер департаментіне хат жолдады. Қазіргі уақытта Ордабасы аудандық ішкі істер басқармасында қылмыстық іс қозғалды.

Кеңестің мүшелерінің мұндай жағдай қалай мүмкін болғандығы туралы сұрақтарына мемлекеттік орган тарапынан нақты жауап болмады.

Кеңес мүшелері бұл жағдайды нақты шенеуніктік заңсыздық деп санап, бұл шағымды Түркістан облысының прокуратурасына және жер инспекциясына жіберуге шешім қабылдады.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы, өз кезегінде, шенеуніктердің кедергілеріне тап болған кәсіпкерлерге толық консультациялық және заңгерлік көмек көрсететіндігін еске салады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер