astana-view

Қолөнер шеберлерінің конференциясына 80-нен астам қостанайлық шебер қатысты

2018 жылғы 29 Желтоқсан
7865 просмотров

Қостанайда қолөнер шеберлігін дамыту бойынша алғашқы тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара өңірде қолөнер шеберлігін жандандыру, жаңа бағыттарды дамыту, сонымен қатар сүйікті істі кәсіп көзіне айналдыру үдерісіне арналды.

 Конференцияны «Qulaner» қолөнер шеберлерінің облыстық қоғамдық қоры, Қостанай облысы кәсіпкерлік пен индустриялық-инновациялық даму басқармасы, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП Қостанай облысы бойынша Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырды.

 Іс-шараға облыстың 13 ауданынан 85 қолөнер шебері қатысты, айта кетелік қатысушылардың 65%-ы қыз-келіншектер.

 Конференция екі кезеңнен тұрды. Бірінші блок – облыс шеберлері өнерін ортаға салған көрме өтті. 150-ден астам шебер, бизнесмен, қоғамды ұйым өкілдері, сонымен қатар қала тұрғындары «Турист» қонақүйінің көрме залына жиналды.

 Қостанай облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Надежда Булатова қолөнер саласында өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдерді дамыту мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді, қыз-келіншектер өз жобаларын «Атамекен» ҰКП, ҰКП Іскер әйелдер кеңесі, «Даму» қорына ұсынады. Төрайым аудан орталықтардағы шебер әйелдер көмек ала алатын Кеңестің байланыс мәліметтерін берді. 28 желтоқсан күні кеңес алуға 3 адам келген.

 Конференция аясында Іскер әйелдер кеңесі бизнесті ашу мен кеңейту бойынша бірлесіп жұмыс істеу мақсатында 4 шеберді таңдады.

 Екінші кезеңде қолөнердің жаңа бағыты – туристік кәдесый өнімін дамытуға арналды.  Сонымен қатар іс-шара барысында қатысушылар мен қонақтарға арнап, бірнеше шеберлік сабағы өтті.

 Шебер Айжан Бекқұлова шеберлердің білімі мен машығын оқу мен біліктілігін көтеру арқылы арттыру, өнімдер сапасын жақсарту, халықаралық және репсубликалық деңгейдегі іс-шараларға қатысу, өнім сапасы пен көп функциялылығын ( оның ішінде дизайн, сыртқы қаптама) кеңейту  қажеттігін алға тартты.

 Кәсіби суретші мен дизайнер Ерлан Қожабаев қазақи оюдың семанитикасы туралы сөз қозғап, «Зерттеу: ою-өрнек тәңіршілдік мәдениетінің пиктограммасы ретінде» атты кітабын таныстырды.

 Көзеші Абайхан Рысбаев «Қыш бұйымдарды дайындаудың көне технологиясы» атты шеберлік сабағын өткізді.

 

Фото: ашық дереккөздерден алынды 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер