astana-view

90 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне салықтық рақымшылық жасалады

2019 жылғы 03 Қаңтар
4016 просмотров

1 қазанға дейін берешектің жалпы сомасы 340,6 млрд теңгеге жеткен, бүгінгі күні есептен шығаруға жататын өсімпұлдың жалпы сомасы 122,9 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің ресми сайты.

Оның ішінде 7,3 млрд.теңге көлемінде негізгі қарызды төлеу шартымен есептен шығарылатын айыппұлдар бар. Алдын ала деректер бойынша, шағын және орта бизнестің 90 077 субъектісі (31 210 заңды тұлға және 58 867 жеке кәсіпкер) рақымшылық жасауға жатады.

Ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар (жер асты суларын және емдік балшықты пайдаланушылардан басқа), сондай-ақ акцизделетін өнімдерді өндірушілерге рақымшылық жасалмайды. Қазіргі уақытта ҚР Заңнамасына түзетулер Сенаттың қарауында.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі салық сомасын төлеген жағдайда өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығару арқылы ШОБ субъектілеріне салықтық рақымшылық жүргізуді тапсырған болатын.

Ол үшін 2018 жылғы 1 қазандағы қолда бар негізгі борышты 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін өтеу қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер