astana-view

Қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту мәселелеріне қатысты қоғамдық тыңдау өтеді

2019 жылғы 10 Қаңтар
4276 просмотров

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасын және Кодекс жобасына ілеспе ҚР  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды

ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодексінің жобасын әзірлеудің мақсаты медицина, фармация, қоғамдық денсаулық пен білім беру саласындағы заманауи тенденцияларға сәйкес республиканың денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру.

 Қазақстан Республикасының  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодексінің жобасы келесі бағыттарды қарастырады:

 -Қоғамдық денсаулықты сақтауды дамыту;

-Медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру;

-Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызметті жетілдіру;

-Денсаулық сақтау жүйесінде кадрлық саясатты жетілдіру;

-Фармацевтикалық қызмет және дәрі-дәрмек құралдар мен медициналық өнімдердің қолданысын жетілдіру;

-Электронды денсаулық сақтауды дамыту;

-Басқа да бағыттар (корпоративті басқару бойынша ерекшеліктер, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі, Халықаралық ынтымақтастық);

-Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы

 Сонымен қатар 2019 жылдың 23 қаңтарында сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодексі жобасына қатысты туындаған сұрақтарды қарастыру бойынша қоғамдық тыңдау өтетіні туралы хабарлама берілді.

 Қоғамдық тыңдау Астана қаласы, Қонаев көшесі 8, «Зүбәржат орамы» «Б» блогы, 10-қабат, «Мұғалжар» мәжіліс залы мекенжайында бейне-конференция арқылы Өңірлік кәсіпкерлер палаталары қатысуымен өтеді.

Қазақстан Республикасының  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодексі жобасы және ҚР  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына жасалған ұсыныстар мен  ескертпелерді 17 қаңтарға дейін n.kabdrakhmanova@atameken.kz электронды поштаға жіберулеріңізді сұраймыз.

Кодекс жобасының кейбір тармақтарын қарастыру бойынша Қоғамдық тыңдауды өткізу қажеттілігіне қатысты ұсыныстар болса, мына нөмірге хабарласуды сұраймыз: 8(7172) 919-362. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер