astana-view

Мүмкіндігі шектеулі азамат ет деликатестері өндірісін ашты

2019 жылғы 10 Қаңтар
- Қостанай облысы
6166 просмотров

Дәулет Байыров мемлекеттік грант арқылы ыстайтын жай мен вакууматорға қол жеткізді

Бұл құрылғылар ет өнімдерді өндіруде қажетті жабдық. Қарабалық ауданында ет деликатестері өндірісі қарқын алуда, өндіріс иесінің келешекке жоспары зор. Кәсіпкер өнімді экспортқа шығаруды көздеп отыр.

Бизнес туралы ойлар Дәулет Байыровқа оның өмірі күрт өзгерген уақытта келді. Көп жылдар бойы жігіт ағасы шопыр болып жұмыс істеп келген, алайда екінші топтағы мүгедектікті алып қалады. Еңбекқор Дәулет Байыров үйде қол құсырып отыруға үйренбеген, қаламады да. Бірде ол «Бастау» жобасы туралы хабарландыруды оқып қалады.

 «Менде үміт пайда болды. Сол уақытта жеке кәсіп ашу туралы ойланып жүргем. Алайда мүгедектігіммен банктен несие алу мүмкін емес еді. Ал «Бастау» жобасы кәсіп ашуға қажетті білімді тегін беріп, грант алуға мүмкіндік сыйлады. Нәтижесінде жобамды мақұлдап, 240 500 теңге көлемінде қайтарымсыз қаражат берді», - деді кәсіпкер. 

 Жабдықты алуға Дәулет Байыров Алматы қаласына барды. Ал ет ыстауға арналған шикізат қолда бар: Қарабалық ауданында мал шаруашылығы дамыған. Болашақта кәсіпкер толық циклді өндірісті іске қоспақ.

 «Бастапқыда көктемге қарай 50 бас қаз сатып аламын. Ысталған қаз еті – нағыз деликатес. Ары қарай көре жатармыз. Осылай ет пен іш майды ғана емес, шұжық пен жаяны да ыстауға болады. Ет асқанда ысталған еттің дәмі ерекше. Ары қарай ассортиментті ұлғайтпақпын», – деді кәсіпкер.

Дәулет Байыров өнімді өткізуде қиындық көрмейді – ауданда мұндай өндіріске балама жоқ. Тағы бір артықшылық – жаңа сойылған малдың еті мен табиғи жолмен ыстау сапаның кепілі. Сұйықтықпен ыстау және басқа да химиялық әдістерге жол берілмейді. Мұндай ысталған өнім жергілікті нарықты бағындырған соң экспортты да ойлауға болды. Әрине ол үшін қуатты жабдық керек, бастысы сенім мен ынта бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер