astana-view

Отандық өндірушілердің тізілімі қалай жасалады?

2019 жылғы 11 Қаңтар
7603 просмотров

Отандық өндірушіл ердің тізілімін жасау мәселесі «Атамекен» алаңында салалық қауымдастықтар мен бизнес-қауымдастықтар өкілдерімен бірге талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҰКП Төралқасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы шешімімен отандық тауар, жұмыс және қызмет өндірушілердің тізілімін жасау және жүргізу, сондай-ақ отандық бизнесті қолдауға бағытталған Индустриялық сертификаттар беру Ережелері бекітілді.

«Қазақстандық бизнес өкілдері ережелерді әзірлеуге белсенді қатысты. Көптеген кеңестер мен талқылаулардың нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілерінің ұсыныстары ескерілді», - деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімов.

Тізілім ерікті негізде электрондық жүйе арқылы жасалады. Кірген тізіліміне кәсіпорындар индустриялық мәртебесін растайтын сертификат, отандық тауар, жұмыстар мен қызметтер.

Талқылау барысында сарапшылар мәселесі маңызды болды. «Атамекенде» аккредитациядан өткен салалық қауымдастықтар ұсынған ережелер бойынша сарапшылар шарт негізінде өндірістің жай-күйіне талдау жүргізеді. Нәтижесі кәсіби қорытынды ретінде саналады. Кеңес барысында кәсіпкерлер тарапынан артық шығындарды алып тастау бағытында салалық сарапшының жұмыс күніне  10 АЕК-тен аспайтын құнды ұстану ұсынылды.

Қауымдастық өкілдері кәсіпорындарды талдауда сапалы жұмыстарды көрсету мақсатында салалық сарапшыларға қойылатын біліктілік талаптарын күшейтуді ұсынды. Мұндай талаптар салалық қауымдастық пен ұсынылған сарапшы арасындағы өзара қарым-қатынастарда негізге алынуы мүмкін.

Басқарма мүшесі бүгінгі таңда өнеркәсіптің 7 саласындағы қауымдастықтар (одақтар) жұмысқа қосылғанын атап өтті. Ұлттық палатада тиісті білімі мен тәжірибесі 30 сарапшының ұсыныстары берілген.

«Біз басқа салалық қауымдастықтарды шетте қалмай, сарапшыларды ҰКП тізіміне ұсынуды өтінеміз», - деді Қуаныш Бишімов.

Айта кету керек, салалық сарапшылардың қызметін реттеу үшін Қауымдастық ұсыным беріп, оны кері қайтарып ала алады, яғни бұл сарапшыны тізбеден алып тастай алады деген сөз. Осылайша, ұсынылған сарапшы үшін жауапкершілікті бір мезгілде белгілей отырып, саланы реттеудегі салалық қауымдастықтың рөлі артады.

«Индустриялық сертификат алғысы келетін кәсіпорындарға біз толық қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті Басқарма мүшесі.

Сондай-ақ, бизнесті индустриялық сертификаттың артықшылықтары мәселесі қызықтырды.

Қуаныш Бишімов бүгінгі күннің басты міндеті - отандық өндірушілерге мемлекеттік сатып алуда, квазимемлекеттік секторды және жер қойнауын пайдаланушыларды сатып алу саласындағы артықшылықтар беруде ҚР нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу екенін атап өтті.

Осылайша, «Самұрық-Қазына» қорымен Қордың әлеуетті жеткізушілерін алдын ала біліктілік іріктеуді жүргізу кезінде жалпы балл сомасының 20% - ын қосымша ұсына отырып, Индустриялық сертификатты қолдану туралы келісімге қол жеткізілді.

«Бұдан басқа, «Самұрық-Қазынамен» жүргізілген жұмыстар аясында ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Қордың еншілес ұйымдарының сатып алуларында холдингтің тауар өндірушілері тізіліміндегі өндірушілерден тауарлар сатып алу басым болады. Бүгінде осы тізілімге енгізу үшін «СТ-KZ» сертификаты негіз болып қалады, дегенмен, келешекте оның орнына индустриялық сертификат тапсырамыз. Егер бизнесте артықшылықтарды алу үшін индустриялық сертификатты қолдануға болатын ұсыныстар бар болса – біз оларды қарауға дайынбыз. Ол үшін бизнес ұсыныстарын кеңінен талқылау және бірлескен шешімдер әзірлеу үшін краудсорсингтік ашық алаң құрылатын болады», - деп түйіндеді Қуаныш Бишімов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер