astana-view

Базарға бағдаршам керек

2019 жылғы 15 Қаңтар
- Жетісу облысы
4096 просмотров

Билік өкілдері базарға барар жалғыз жол инфрақұрылымын шектеп тастады

2018 жыл 5 қазан күні Талдықорған қаласындағы «АКЛ» әмбебап бөлшек сауда базары алдында «Солға бұрылуға тыйым салынған» – «Бұрылуға тыйым салынғанды» білдіретін екі жол белгісі қойылды. Демек, қала жақтан базарға жалғыз кіреберіс осы белгілер қойылған соң жабылды. Енді базар территориясына кіру үшін кәсіпкерлер мен тұтынушылар бес шақырым жол жүруге мәжбүр.

 Жол белгілер орнатылған соң базар кәсіпкерлерінде сатылым мен клиент саны айтарлықтай азайып кеткен. Бұл өз кезегінде кәсіп жүргізуде үлкен әкімшілік кедергі болып отыр. Осылайша қолданыстағы жол-көліктік инфрақұрылым «АКЛ» базарының кәсіпкерлері үшін қолжетімсіз.

 «Осы мәселемен базар кәсіпкерлері Талдықорған қаласының әкіміне және прокурорына жүгінді, сонымен қатар Алматы облысы ІІД бастығынан көмек сұрады. Алайда жоғары аталған мемлекеттік органдардан ешқандай жауап болмады», – деді Алматы облысы ӨКП директорының орынбасары Қанат Қабдиев.

 Мәселені шешу мақсатында кәсіпкерлер автокөлік қозғалысын реттеу үшін бағдаршам орнатуды ұсынып отыр.

Талдықорған қаласы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері бұл мәселені шешуде құзіреттері жоғын алға тартты, өйткені тас жол республикалық мәнге ие. Алайда 2018 жылдың соңына дейін «Қазавтожол» тапсырысмен сол жол бөлігіне бағдаршам қойылатыны айтылды. Бірақ, жергілікті биліктің уәдесіне қарамастан бағдаршам әлі де орнатылған жоқ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер