astana-view

Кәсіпкерлер бақылау-кассалық аппараттарды қолдануда техникалық олқылықтарға тап болды

2019 жылғы 15 Қаңтар
- Қостанай облысы
5749 просмотров

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасына деректерді онлайн тарататын функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды орнатқан сауда үйлердің директорларынан ұжымдық өтінім келіп түсті. Бизнесмендердің айтуынша, техникалық ақауларға байланысты кассалардың жартысы істемей тұр.

«ҚР Қаржы министрлігінің 2018 жыл 16 ақпандағы №208 «Бақылау-кассалық машиналарды пайдалану мәселелері туралы» бұйрығының 16-тармағына сәйкес Бақылау-кассалық машиналар операторы серверімен байланыс үзілген жағдайда ұзақтығы 72 сағттан аспайтын автономды режимге ауысу керек. Одан кейін бақылау-кассалық машиналар бұғатталады. Осы мәселеге байланысты біз Қостанай облысы мемлекеттік кірістер департаменті, «Қазақтелеком» АҚ және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хаттар әзірледік», – деп мәлімдеді Қостанай облысы ӨКП директорының орынбасары Самат Сәдуақасов.

 Шұғыл түрде «Қазақтелеком» АҚ өкілдерімен жұмыс кездесу өткізіліп, оның нәтижесінде әрекет ету жоспары әзірленді. Жуық арада техникалық олқылықтар реттеледі.

Естеріңізге салсақ, 2018 жыл 1 қазан күні Қазақстанда бақылау-кассалық машиналарды қолдану бойынша қызмет түрлерінің тізімі ұлғайды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап базарда жұмыс істейтін кәсіпкерлер бақылау-кассалық машиналарын орнатуға міндетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер