astana-view

«Atameken Services» – несие алу, қаржы мәселесін банк табалдырығын тоздырмай-ақ шешудің жолы

2019 жылғы 17 Қаңтар
20928 просмотров

Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен баспасөз-маслихатында Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев порталдың жаңартылған нұсқасын таныстырды.

 Атап өтейік, Atameken Services порталы өткен жылы бизнеске тегін қызмет түрлерін ұсынатын алаң ретінде іске қосылған.  Порталда бизнеске қажетті әрі пайдалы сервистік қызмет түрлері қарастырылған. Бүгінде 14 мың кәсіпкер  Atameken Services порталына тіркеліп, сервистік қызмет түрлерін пайдалануда. Ал бүгінде Atameken Services бизнеске қандай қызметтер ұсынады?

«Кәсіпкерлермен қарым-қатынас орнату тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бизнесті толғандыратын мәселелер  несие алу мен қаржының қолжетімділігі, кәсіпкердің шығаратын өнімін сату, құқықтық сұрақтар  және білімді жетілдіретін оқытуға қатысты болып отыр. Осы мәселелерді ескере отырып, бизнестің сұранысына қарай ұсынылатын қызметтерді төрт басты бөлікке жинақтадық», - деді Эльдар Жұмағазиев.

Жалпы порталда бизнес-жоспарды құру, салықтық есептілік, нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізу және т.б. 60-тан астам сервистік қызмет түрі ұсынылған. Осы қызметтер  порталдың жаңа нұсқасында 4 негізгі бөлікке жинақталған: «Қаржыландыру», «Оқыту», «Құқық қорғау» және «Сату»

НЕСИЕ АЛУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫН ІЗДЕСЕҢІЗ

«Несие агрегаторы» құралын пайдаланыңыз. Бұл кеңседен шықпай-ақ жеңілдікпен несие алуға өтінім беру мүмкіндігі. Кәсіпкер  онлайн режимінде бір өтінім беру арқылы еліміздің барлық негізгі банктері мен қаржы институттарына құжат жібере алады.

ОҚЫТУДЫҢ ОНЛАЙН ТҮРІ ҚАЖЕТ БОЛСА

«Atameken.Academy» - онлайн-оқыту алаңы арқылы бизнеске қажетті оқыту курстарын, қызметкерлердің біліктілігін арттырудың таптырмас құралы.  

Енді «Бастау»  жобасы мен «Бизнес-мектеп» оқу курсына кеңседен шықпай-ақ қатысуға болады.  Осылайша, Atameken.Academy онлайн түрде оқыту курсына қатысып, арнайы сертификат алудың тиімді жолы болмақ.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ

Сонымен қатар кәсіпкерлер бизнес жүргізуде туындаған мәселелер жайында хабарлай алатын «Құқық қорғау» сервис түрін қолдана алады. «Атамекен» сарапшылары өтінімді жылдам әрі кәсіби түрде шешуге көмектеседі. Енді әр кәсіпкер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына өтінімді Atameken Services қосымшасы  арқылы  ұялы телефоннан жіберуге мүмкіндік алуда.

Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев атап өткендей,  Atameken Services жаңа функциялары ыңғайлы және қолжетімді қызметтерді ұсына отырып, бизнестің мәселелерін шешуге көмектеседі. Atameken Services ұсынатын қызметтерді смартфон немесе компьютер арқылы қолдануға болады.

«Атамекен» жариялаған сауалнама аясында  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары кәсіпкерлердің  Аtameken Services порталына тіркелуіне көмектесіп, тегін сервистік қызмет түрлерімен таныстырады.

 «Сервис пайдалануда ыңғайлы әрі түсінікті. Қарапайым тіркеуден өтіп,   барлық қызметтерді пайдалануға болады. Бизнесмендерге жүргізілетін жалпы республикалық сауалнаманы жүзеге асыруда мамандарымыз кәсіпкерлерге порталға тіркелуге көмектесетін болады. Осы ретте портал кәсіпкерлердің ұсыныстары негізінде техникалық тұрғыда жетіліп жаңартыла бермек», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер