astana-view

Дінмұхамед Әбсаттаров: «Өңірлердің әлеуетін және көліктік мүмкіндіктерімізді толыққанды пайдалана алмай отырмыз»

2019 жылғы 21 Қаңтар
6072 просмотров

Маңғыстау облысы Солтүстік Қазақстан облысына қарағанда неге бай-қуаттырақ? Барлық мәселе облыс басшылығында ма немесе өңірге әсер ететін жалпы экономикалық әсер бар ма? Неге бір өңірде кәсіпкерлер экспортқа оңай шығады, ал басқалар қиындық көреді?

Ендеше, Маңғыстау облысына назар аударып көрелік. Бұл жерде экономикалық қорлар қаншалықты жүзеге асқан?

Аталған аймақ Қазақстанның мұнайлы ошағы. Мұнда 46 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп отыр. Ірі компаниялар тау-кен қазу және мұнай-газ саласында шоғырланған.

Бір қызығы, өңірдің жалпы өнімінде ауыл шаруашылығы небәрі 3%-ды құрап отыр, облыс тұрғындарының 20%-дан астамы осы салада жұмыс істейді. Азық-түлік тауарларына деген сұраныс өте жоғары және  92,2 млрд теңгені құрап отыр. Ал тауарлардың 86%-ын облыс шетелден импорттайды.

 Құрғақ сүт ұнтағының өзі жыл сайын 2,3 млрд теңге көлемінде тасымалданады, ал өңірдегі сүт өндірістері 44%-ға жүктелген. Негізгі жеткізуші одақтық республика Беларусь болып отыр. Осы жерде «Атамекен» отандық тауар өндірушілерді қорғау үшін және өндірушілердің ішкі нарықты қамтуы үшін не істеп жатыр?» деген орынды сұрақ қоясыздар.

 Қазіргі таңда өңірлерді өндірушілік-өткізу тізбектеріне талдау, басқаша айтқанда, экономикалық скрининг жүргізіп жатырмыз. Скрининг кім не және қайда өндіріп жатыр, бір жағынан қандай ресурстар бар және екінші жағынан, қандай мүмкіндіктер мен өндірілген өнімге деген қажеттілік барын анықтауға көмектеседі.

 Батыс макроөңірі экономикасына талдау жүргізіп, айтырлықтай мәселелер барын анықтадық. Бұл жұмыс бизнеске арналған мүмкіндіктерді ашудағы жүргізілетін зерттеудің бір парасы ғана.

 Маңғыстау облысында экспорттың әлеуеті неге сондай жоғары? Өңірдің картасына қарап жауап алуға болады. Облыс батыстағы ірі нарықтар – теңіз бойынша Ресей, Әзірбайжан және Иранмен, оңтүстікте – Түрікменстанмен ал шығыста – Өзбекстанмен шектеседі. Көрші Қарақалпақстанның ғана халқы 2 млн адам, Түрікменстан халқы 5,5 млн адамды құрайды. Ары қарай Иран мен Парсы шығанағының ауқымды нарығы ашық тұр.  

 Бұл жерде жақсы артықшылық бар. Облыстың мұндай георгафиялық орналасуы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға үлкен әлеует болып отыр.  Демек, егер өңір өз тауарымен көрші нарықтарға шыға алмаса, онда жолдар – еліміздің көліктік күретамырына неге көңіл аудармасқа? Мұнда да табыс көзі айтарлықтай.  

 Маңғыстау облысы көрші елдерге өз тауарын өткізе алмай отыр, бірақ көрші өңірлермен де сауда-саттық ішкі республикалық тауар айналымының  небәрі – 0,8%-ын құрап отыр.

 Осы ретте облыс көрші өңірлерден келетін тауар жеткізілімдерге мұқтаж. Көрсеткіштерді сөйлетсек: 2017 жылдың қорытындысы бойынша экспорт 6 млн АҚШ долларын, ал импорт – 131,8 млн АҚШ долларын құрады. Сомасы 353,2 млн АҚШ долларына 94,1%-ға өңделген тауалар импортталады, оның ішінде 58% машина жасау, 12,9 % – металлургия өніміне тиесілі. Химиялық сала өнімі 11,4%-ға жетіп отыр.

 Мұнай өңірі болғанымен Маңғыстау облысында мұнай саласы мамандарына деген сұраныс төмен. Жыл сайын шамамен 1000 адам жұмыссыздар қатарын толықтырып отыр! Осы ретте техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарына бөлінетін мемлекет тапсырысының 31%-ы мұнай саласы мамандарын оқытуға бөлінеді...

 Агроөнеркәсіп кешені, туризм мен сервистік бейін мамандары ғана сұраныста.

Зерттеу кезінде анықталған бірнеше әлеуетті жобалар мыналар:

  •  «Кеңдірлі» туристік жобаны толыққанды жүзеге асыру;
  • Полиэтиленді құбырлар, цемент және аммиак селитраның экспортты әлеуеті – 124 АҚШ доллары.
  • Азық-түліктік өнімге деген макро-сұраныс 92,2 млрд теңге, осы көлемнен импорт үлесі – 86%.
  • Қышқыл сүт өнімдерін шығаруға арналған құрғақ ұнтақ ИМПОРТЫ 2,3 млрд теңге          (жылына 1 920 тонна) Кәсіпорындардың жүктелуі – 44%.
  • БҚО және Ақтөбе облысында шығарылатын  сүт және ет көлемін есепке ала отырып, өңіраралық кооперацияның дамуы.
  • Жүн өндірісінің әлеуеті – 98 млн теңге (2016 жылы 327,5 мың тонна түйе жүні өндірілді).
  • Балықты сақтау мен өңдеу бойынша жағдай жасау ( 2 261 тоннаға дейін аулауға рұқсат алу, қажеттілік – 1 380 тонна, нақты аулау – 550 тонна) қамтамасыз ету – 40%-ға тең.
  • Түйе шаруашылығын дамыту және шұбат өндірісін кеңейту ( 216 жылы 4,5 тонна сүт алынды, 78 тоннасы өңделді, 4,3 млн теңге көлемінде субсидия төленді).

Еншілес ұйымдар

Серіктестер