astana-view

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер халықаралық рейтингтерде оң нәтиже көрсеткен – Баяндама

2019 жылғы 22 Қаңтар
7846 просмотров

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы «Еуразиялық экономикалық одақ және мүше мемлекеттердің экономикалық дамуы: халықаралық рейтингтер» жыл сайынғы баяндаманы (ары қарай – Баяндама) дайындады.

Жыл сайынғы үшінші Баяндама ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 2010-2018 жылдар аралығында халықаралық рейтингтердегі талдау нәтижелерін сипаттайды және мыналарды қамтиды:

 ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 16 халықаралық рейтингтегі позициясының талдауы, мықты және осал жақтарды анықтау, сонымен қатар мемлекеттің рейтингтері өсу факторлары мен позициясының бәсеңдеуі;

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің позициясына салыстырмалы талдау;

 ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің және әлемнің дамыған елдерінің, халықаралық рейтингтердің және басқа да интеграциялық бірлестіктердің көшбасшы мемлекеттер ұстанымдарын салыстырмалы талдау;

 Анықталған артықшылықтарды есепке ала отырып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тәжірибесімен бөлісетін үздік реттеу практикаларын қолдану аясын кеңейтуге арналған бағыттар  мен ұсыныстар тізбесі.

Сонымен қатар әр рейтинг бойынша рейтингтегі көрсеткіштер тобында Еуразиялық экономикалық комиссия әлем экономикасының бірыңғай субъектісі ретінде ЕАЭО-ның салыстырмалы позициясы есептелген

  Баяндамаға сәйкес өткен жылдардағы нәтижелермен салыстырғанда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің барлығында рейтинг көрсеткіштерінде оң үдеріс байқалады. Одақ бойынша серіктестер арасында мүше мемлекеттер халықаралық рейтингтерде көрсетілген белгілі бір бағыттар бойынша жетекші позицияларға ие. Қазақстан Республикасы келесі позицияларда алда тұр:

 Іскерлік және инвестициялық ахуал (миноритарлы акционерлерді қорғау, шарттарды орындауды қамтамасыз ету, төлеуге қабілетсіздікті шешу);

Цифрлық экономика (ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына арналған жағдайдың болуы, ақпараттық технологиялардың әлеуметтік салаға әсері);

Инфрақұрылымдық даму (инфрақұрылымның сапасы, жеткізілімдердің барлық тізбегі бойынша тауарларды бақылау мүмкіндігі және жеткізілімдердің мерзімін ұстану).

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер