astana-view

Қаратал ауданы Іскер әйелдер кеңесінің филиалында жаңа басшы

2019 жылғы 23 Қаңтар
- Жетісу облысы
3214 просмотров

Филиал құрамы жаңарып, осы жылға міндеттер айқындалды

Қаратал ауданы Үштөбе қаласында облыстық Өңірлік кеңестің төрайымы, Алматы облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Римма Салықова, ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Алмагүл Оңғарбаева, Палатаның Қаратал ауданы филиалының директоры Зарина Төлегенова және аудан қыз-келіншектерінің қатысуымен әйелдер кәсіпкерлігіне арналған дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында Римма Салықова Қаратал ауданы Іскер әйелдер кеңесі филалының жаңа төрайымын таныстырды. Басшылыққа «Волкова» жеке кәсіпкерлігінің директоры Елена Волкова тағайындалды. Басшының орынбасары болып кәсіпкер Жанна Сейітова сайланды.

Облыстық Өңірлік кеңестің төрайымы, Алматы облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Римма Салықова іскер әйелдердің аудандағы қозғалысының маңыздылығын айтып, жаңа басшылықтың алдында тұрған бірқатар міндеттерге тоқталды.

 «Барлық ауылдық округтерде мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру және әйелдер бизнесінің қазіргі жағдайы мен проблемаларын талдау мақсатында кең ауқымды акция өткізу қажет. Іскер әйелдер кеңесі жобаларды іске асыруды сүйемелдеуге атсалысып, оқу семинарлары мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыруы керек. Әкім Рауан Рақымбековтың жетекшілігімен аудан әкімдігі әйелдер бизнесі дамуына жан жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді Римма Салықова.

  Ары қарай Қаратал ауданы әйелдеріне биылғы жылы Іскер әйелдер кеңесі жұмысының нәтижелері мен негізгі міндеттері таныстырылды.

 Айта кетелік, ауданда 4,2 мың кәсіпкерлік субъектісі бар, оның ішінде бизнестің 40%-ын әйелдер басқарады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер