Алматыда балаларға арналған бизнес-мектеп ашылды
MINIBOSS BUSINESS SCHOOL мектебінің жетекшісі, Алматы облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Бибігүл Әбілғазина балаларды бизнеске оқытады
«MINIBOSS BUSINESS SCHOOL» халықаралық білім беру желісі енді оңтүстік астанада да ашылды – балалар мен жасөспірімдерге арналған бизнес-мектеп әлемдік франшиза бойынша ашылды, сондықтан кішкентай алматылықтар арнайы бағдарламамен білім алатын болады.
«Әдістеме балалар бойында таланттарды ашуға және оларды негізгі бағыттар – теорияны практикаға айналдыру, инновацияларды қалай құру керек, жеке әлеуетті қалай жүзеге асыруға болады, сәтті отбасы бизнесін қалай құруға болатыны бойынша білім береді», – деді MINIBOSS BUSINESS SCHOOL халықаралық білім беру желісінің Алматы қаласындағы №1 филиалының директоры Бибігүл Әбілғазина.
Бизнес ханымның айтуынша, бүгінде мұндай мектептер Ұлыбритания, Литва, Украина, Польша, Грузия, Ресей, Болгария, Филиппин, Тайланд, Қазақстан және басқа да мемлекеттерде жұмыс істейді. Франчайзилер дайындалып, балалар мен жасөспірімдерге арналған ондаған бизнес-мектеп бизнес негіздеріне оқытады. Балалар бизнес пен нарық туралы заманауи білім алады және MINIBOSS бизнес-инкубаторында практикадан өтіп, STARTUPS WORLD CUP CHAMPIONSHIP стартаптар әлем чемпионатына қатысады.
«Жаңа буын – әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер, топ-менеджерлер легін тәрбиелеп жатырмыз. Бизнес-жобаларды өздері ойлап, жүзеге асыра алатын және бизнес-үдерістерді басқара алатын топ-менеджерлерді тәрбиелеп жатырмыз. Біз табысты адамдар буынын өсіріп жатырмыз, балалар бойында таланаттарды ашып, жеке білімді монеталауды үйретеміз», – деді кәсіпкер.
Кәсіпкердің айтуынша, олардың мақсаты – Еуропалық Одақ елдерінде, Америкада, Шығыс әріптестік елдерінде, ТМД, Азия және Африкадағы дамушы елдерде бизнес-мектептерін ашу арқылы балалар мен жастарды оқыту. Сондықтан олар Австралия, Индонезия, Канада және Кариб бассейндегі елдермен ынтымақтастық орнатуға дайын.
Қазақстанда да олар кәсіпкерлер, қауымдастықтар, барлық мүдделі тараптармен жаңа форматтағы мектептерді франшиза бойынша тарату мақсатында жұмыс істегісі келеді
Пікір қалдыру:
Пікірлер: