astana-view

Қарағандылық кәсіпкер бизнес-жоспарды онлайн алды

2019 жылғы 25 Қаңтар
- Қарағанды облысы
28134 просмотров

Бұл «Atameken Services» порталында қолжетімді меркетингтік қызметтер арқылы мүмкін болды.

Қарағандылық кәсіпкер Ярослав Питьковке арнайы техниканы лизингке алу  бойынша субсидияны алуға бизнес-жоспар қажет болды. Ол services.atameken.kz порталының жаңа мүмкіндіктері жайында естіп, порталға тіркеліп, қызмет түріне онлайн тапсырыс берді.

«Сервис өте ыңғайлы, ешқайда барудың қажеті жоқ. Кеңседе-ақ бизнес-жоспарға тапсырыс бердім, маған бірден «Атамекен» қызметкерлері хабарласты. Ары қарай мен электронды почтаға барлық қажетті ақпаратты жібердім. Үш жұмыс күннен кейін бизнес-жоспар дайын болды! Барлығы кәсіби түрде жасалған, бастысы маған субсидияны мақұлдады», – деп мәлімдеді кәсіпкер Ярослав Питьков.

Кәсіпкердің өзі тас көмірді өңдеу, байыту және тасымалдаумен айналысады. 2014 жылы ол «Бизнестің жол каратсы-2020» бағдарламасы бойынша стартап жобаға қаржыландыру алған. Сол кезде кәсіпкер «Атамекен» ҚР ҰКП және Палата көрсететін қызмет түрлері туралы естіді.

 Кәсіпкердің айтуынша, «Atameken Services» порталына тіркелу мен мүмкіндіктерін компьютер болсын, телефон арқылы болсын қолдану қиын емес. Қазіргі таңда бизнесмен порталдағы жаңа әзірлемелерімен танысып, олардың барлығына қызығушылық танытты.

«Atameken Services» – кәсіпкерлерге арналған алпыстан астам тегін және пайдалы қызметтер. Мәселе туралы хабарлау, несиеге өтінім беру, оқудан өтіп, дайын бизнес-жоспарды алуды кеңсе немесе үйден шықпай, алуға болады. Керегі services.atameken.kz сайтынан қарапайым тіркеу процедурасынан өту.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер