astana-view

Қазақстанда тәуекелдерді басқару жүйесі жаңартылды

2019 жылғы 28 Қаңтар
2972 просмотров

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық органдары «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшаға тәуекелдерді басқару жүйесі қорытындысы бойынша әр салық төлеушінің тәуекелі деңгейі туралы ақпарат жібереді, ал 2019 жыл 1 шілдеден бастап аталған ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында жарияланады.

«Салық төлеушінің кабинетіне» тәуекел деңгейі туралы ақпаратпен қоса тәуекелдерді басқару жүйесінде қолданылатын құпия емес ақпарат критерийлерін есептеуі келіп түседі.

Салық төлеушілер қажет болған жағдайда «Салық төлеуші кабинеті» қосымшасы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына көрсетілген критерийлер бойынша түсіндірмелерді (камералық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар туралы түсініктемелерді қабылдауға және өңдеуге ұқсас) жолдай алады.

 Мемлекеттік кірістер органдары алған түсіндірмелер, егер негізделсе, салық төлеушiге өзгертiлген ақпаратты жолдаумен тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде есепке алынады.

 Салық органдары барлық салық төлеушілерді  (салықтық агенттерді) олардың қызметін төмен, орташа немесе жоғары тәуекел ретінде жіктеу және сараланған салықтық әкімшілендіру шараларын қолдану арқылы категорияларға бөлуді жүзеге асыратынын білу маңызды.

 Тәуекелдерді басқару жүйесі салық төлеушілерді салықтық міндеттемелерді еркін орындауға ынтыландыру, тәуекелдің төмен деңгейі анықталған салық төлеушілерге қатысты  салық бақылауын азайту мақсатында әзірленген.

 Тәуекелдерді басқару жүйесіның жаңашылдығы – кәсіпкердің тәуекел дәрежесіне теріс әсер ететін ашық критерийлермен қоса, тәуекел дәрежесіне оң әсерін тигізетін критерийлерді қамтиды.

 Демек, кәсіпкерде «Салық мониторингіне қатысу», «Салық төлеушінің деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолдануы», «Салық төлеушінің тексерудің стандартты файлын қолдануы», «Шот-фактураларды электронды түрде шығару», «Қосылған құн салығы бойынша бақылау шоттарын пайдалану» сынды критерийлердің бар болуы кәсіпкердің имиджіне оң әсер етеді.

 Ақпаратмен толық танысу үшін: Презентация 

Бұйрықпен танысу үшін: Бұйрық

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер