astana-view

Еңбек келісім шартының бірыңғай базасы

2019 жылғы 01 Ақпан
1386 просмотров

«Бұл жүйеге кірсек азаматтар зейнетке шығарда не болмаса басқа жұмысқа тұрарда бұрынғы жұмыс орындарының есігін тоздырмайтын болады». Міне, «Атамекен» алаңындағы бүгінгі «Еңбек шарты  келісім шартының бірыңғай жүйесі» талқылынған дөңгелек стол дәл осындай сөздермен басталды.

«Біз «Жол картасы» бойынша бұл жүйені былтыр маусым айында іске қосқан болатынбыз. Әзірге, бұл жоба пилоттық нұсқада. Бүгінгі таңда осы жүйеге 7718 кәсіпорын тіркеліп, 362 236 келісім шарт жасалған. Бұл жүйенің артықшылығын жұмыс беруші де, жұмыскер де сезіне алады. Жұмыс берушіде ақпарат жүйесі жоқ болса  https://www.enbek.kz/ порталына тіркелу арқылы бұл олқылықтың орны толтырылады. Жеке тұлғаға қатысты ақпарат көпшілікке жария болмайды. Бұл ақпараттар тек жұмыс беруші мен жұмыс сұраушы арасында көрінетін болады.  Жұмыс беруші алғалы отырған қызметкерінің еңбек өтілін, қайда қызмет еткенін ортақ база арқылы көре алады. Бұдан бөлек, жұмыс беруші алдына келіп отырған азаматтың бұрын сотталған немесе сотталмағанын, әскери міндетті не міндеті емес екенін, басқа да мәліметтерді біле алады.Ал, біздің жүйеге тіркелген жұмыс іздеуші енді түйіндеме толтырып әуре болмайды. Біз қолымыздағы ақпараттар арқылы жұмыс берушіге дайын түйіндеме бере аламыз. Жүйенің артықшылығын қашықтықтан жұмыс жасайтын адамдар да сезе алады. Яғни, басқа қалада отырып, ЭЦҚ қою арқылы сіз толыққанды келісімге қол жеткізесіз және оның заңдық күші болады»,- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілі Бақтияр Жақсыбаев.

«Қазір жобамыз пилоттық күйде жұмыс істеуде. Ешкімді мәжбүрлеп кіргізу, тіркелмегені үшін жауапқа тарту секілді дүниелер жоқ және ондай тапсырмалар беруге құқымыз да жоқ»,- деп баса айтты әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Төрағасы Ақмәди Сарбасов

Әрине, жаңадан құрылып жатқан бұл жүйенің кемшін тұстары да жоқ емес. Оның себебі елімізде интернет желісі жетпеген елді мекендер әлі де бар. Бірақ, бұл мәселе ХҚКО арқылы болса да өз шешімін табатын болады әлі де жетілдіру үстінде.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер