astana-view

Қаңтар айында 300 мың авто сақтандыру электронды полисі сатып алынды

2019 жылғы 07 Ақпан
6315 просмотров

Қазақстанда қаңтар айында 300 мың авто сақтандыру электронды полистері сатып алынды

Сақтандыру компаниялары онлайн-сақтандыруды іске қосқаннан кейін бірінші айда автомобиль иелерін міндетті сақтандырудың (КҚИ АҚЖМС) 300 мыңнан астам электрондық полисі берілді, деп хабарлайды Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы

Барлық жасалған шарттар бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жинау КҚИ АҚЖМС 3,8 млрд теңгені құрады. Осылайша Қазақстан бойынша полистің орташа құны 12,8 мың теңгені құрады.

2018 жылғы 2 шілдедегі сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы туралы Заңға сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қоспағанда, міндетті сақтандырудың барлық түрлері бойынша электрондық нысан енгізілді.

 Онлайн-режимде КҚИ АҚЖМС шартын жасасу сақтанушыға сақтандыру компаниясынан полис құнының 10% - на дейін жеңілдік алуға мүмкіндік береді. Сақтандыру агентіне немесе сақтандыру компаниясының менеджеріне өтініш жасаған жағдайда полис  жеңілдіктерсіз сатылады.

Бұдан басқа, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралдарының жүргізушілері өзімен бірге қағаз тасығышта сақтандыру полисін алып жүруге міндетті емес. Бұдан былай жол полициясы қызметкерлері бірыңғай деректер базасында сақтандыру полисінің бар-жоғын дербес  тексере алады.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда 4 млн-нан астам жеңіл автокөлік тіркелген, олардың иелері заңнамаға сәйкес өздерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыруы тиіс, – деп түсіндірді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының басқарушы директоры Ерлан Бурабаев. – Біз жыл соңына дейін барлық автокөліктерді электронды полиспен толық жабуды күтеміз, оның артықшылығы айқын және иелеріне тек уақытты ғана емес, қаражатты да үнемдеуге мүмкіндік береді».

  Айта кету керек, электронды сақтандыруды енгізудің бірінші айы ішінде КҚИ АҚЖМС полистерін сатып алу кезінде ең көп таралған мәселе мемлекеттік дерекқорларда, негізінен көлік құралын есепке қою кезінде жіберілген қателіктер болды.

Бұдан басқа, Қазақстанға келетін резидент емес жүргізушілер тарапынан (негізінен Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумағынан) олардың білместігін пайдалану  арқылы, өздерін сақтандыру агенттері болып  көрсететін басқа тұлғалар жалған сақтандыру полистерін қағаз тасығыштарда сататын жағдайлар анықталады.

Сақтандыру полисін қайдан сатып алуға болады?

Алаяқтықты болдырмау үшін, электронды сақтандыру полисін сақтандыру компаниясының сайтында немесе тікелей оның кеңсесінде онлайн режимде ресімдеуге болады. Сондай-ақ полис сақтандыру агенті арқылы сатып алуға болады, бірақ бұл тұлғаның сақтандыру ұйымының өкілі екендігіне көз жеткізу қажет (сенімхаттың болуын тексеру және қажет болған жағдайда сақтандыру компаниясымен байланыс жасау).

Қазіргі уақытта КҚИ АҚЖМС онлайн полисін сатып алуға болатын сақтандыру компанияларының тізімі:

  1. Евразия
  2. Halyk– Казахинстрах
  3. Виктория
  4. Қазақмыс
  5. Nomad Insurance
  6. Kommesk
  7. Сентрас Иншуранс
  8. Kaspi Сақтандыру
  9. НСК
  10. Amanat
  11. Interteach
  12. Цесна Гарант
  13. Лондон-Алматы
  14. Freedom Finance Insurance
  15. АСКО

 АҚЖМС полисін қалай сатып алуға болады?

Сақтандыру компаниясының сайтында тиісті өнім  –  КҚИ АҚЖМС полисін таңдау қажет. Одан әрі сақтанушының ЖСН енгізу, одан кейін тегі, аты-жөні мен сақтандыру класын автоматты түрде салыстырудың бірінші кезеңі болады. Қажет болған жағдайда көлік құралын басқару үшін рұқсат берілетін қосымша сақтандырылған адамдарды қосуға болады.

Одан әрі көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін толтыру қажет, содан кейін деректерді автоматты түрде салыстырудың екінші кезеңі – маркасы, модельдің шығарылған жылы, көлік құралының түрі өтеді. Егер көлік құралы бойынша деректерде қате болса, мұндай жағдайда сақтандыруды қолмен жүзеге асыру үшін сақтандыру компаниясының кеңсесіне жүгіну қажет. Бұдан басқа, мұндай жағдайларды болдырмау үшін болашақта көлік құралы бойынша деректерді түзету үшін тиісті мемлекеттік органға (мысалы, мамандандырылған ХҚКО) жүгіну қажет.

Барлық қажетті деректерді толтырғаннан кейін төлем картасымен төлеу жүзеге асырылуы қажет. Осылайша төлем банк немесе төлем терминалы арқылы тиісті деректемелер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, оларды сақтандыру компаниясын қамтамасыз етеді. Төлем карточкасымен төлегенде, сақтандыру шарты дереу күшіне енеді, ал банк арқылы төлеу кезінде – сақтандыру компаниясына қаражат түскеннен кейін ғана әрекет ете бастайды. Сақтандыру шартын жасау фактісі бойынша растау сақтанушыға сақтандыру компаниясынан және Мемлекеттік несие бюросына SMS немесе e-mail арқылы жіберіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер