Қазақстандық екі басқарушы компания Германияда тағылымдамадан өтеді
Ұлттық кәсіпкерлер палатасында елдің үздік басқарушы компаниялары анықталды. «ФН Менеджмент» ЖШС (Астана) және «Facility Management Group» ЖШС (Алматы) компаниялары «Қазақстан Республикасында тұрғын үйлерді басқару моделінің үздік практикасы» және «Астана қаласының көппәтерлі тұрғын үйіндегі энергия үнемдеудің үздік шаралар кешені» аталамыдарында үздік деп танылды. Байқаудың бас жүлдесі – Study tour to Germany Германияда тағылымдамадан өту жолдамасы.
Жеңімпаздарды марапаттау 24 ақпан және 9 наурыз аралығында немістің Бохум қаласына ұйымдастырылған тур аясында өтеді. Байқауға барлығы 9 компания қатысты.
Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтады. Оның құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитеті, ҚР Парламенті Мәжілісі, «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП, сонымен қатар қауымдастықтар және ғылыми-қоғамдастық өкілдері болды.
Естеріңізге салсақ, «Атамекен» байқауды 2018 жыл шілде айында жариялады. Байқау мақсаты – Қазақстанда тұрғын үйлерді басқарудың үздік моделін анықтау, кәсіби басқарушыларды дамыту және мәртебесін жоғарылату. Сонымен қатар энергияны үнемдейтін модернизация мен одан әрі дамытуды көрсететін энергияны үнемдеудің тиімді шаралар кешенін анықтау және тұрғын үй құрылысы мен құрылыс секторының өзара байланысын нығайту.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: