astana-view

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы жекеменшік мектептерді субсидиялауды ұсынады

2019 жылғы 18 Ақпан
- Жетісу облысы
3704 просмотров

Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлер палатасының басшысы Өңірлік коммуникацялар қызметінде хабарлады

Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, кәсіпкерлік бастамаларды ары қарай ынталандыру мақсатында жекеменшік орта білім беру жүйесін субсидиялау туралы ұсыныс берілген. Аталмыш мемлекеттік қолдау кәсіпкерлердің жаңадан жекеменшік мектептерді салуына ықпал етуі тиіс.

«Мектепке дейінгі білім беру саласындағы тиімді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік нәтижесінде Алматы облысында жекеменшік балабақшалар саны бірнеше есеге артты. Қазіргі таңда өңір бойынша жекеменшік балабақшалардың жалпы үлесі 70% құрады. Осы үлгі бойынша жекеменшік мектептерді субсидиялауды ұсынамыз. 2018 жылы жергілікті бюджеттен бірінші рет «Дана» жекеменшік мектебіне 15 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда 8 жекеменшік мектепті қаржыландыру бойынша жалпы сұраныс 410 млн теңгені құрайды», – деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

Облыста мектепке дейінгі білім беру саласындағы жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемінің арту есебінен 2018 жылы 82 балабақша ашылған. Қазіргі таңда жекеменшік балабақшалар саны 600-ге жетті.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер