astana-view

Кәсіпкер денсаулыққа пайдалы кәсіп бастады

2019 жылғы 20 Ақпан
- Қостанай облысы
8346 просмотров

Микро көкшөп деген не, оны қалай пайдалану керектігі жайында Қостанай облысында әзірге білетіндер көп емес. Алайда Лилия Струлеваның бизнесі арқылы денсаулыққа пайдалы көк шөпті қолданушылар саны артып келеді. Өңір үшін бірегей бизнес даму үстінде

Лилия – 6 және 12 жастағы екі ұлдың анасы. Былтыр үлкен ұлы ет жеуден бас тартқан. Алаңдаған ана етті алмастыра алатын азық-түлік түрін іздей бастады. Өйткені ет құрамындағы дәрумендер мен микроэлементтер өсіп келе жатқан бала ағзасына қажет. Интернет арқылы көк шөпті өсіру туралы ақпаратты тапқан Лилия, көк шөпті терезе алдында өсіріп көреді. Пайдалы өсімдік дәмді болып шықты. Маш, ноқат, жасымық, бидай және басқа да дақылдардың өскіндері Струлевтардың дастарханынан үзілмейтін болды.

 «Осылай отбасымызбен вегетариандыққа өттік. 100 грамм көк шөптегі микроэлементтер көлемі 100 грамм еттегі кенеулі заттардан кем емес. Бұдан бөлек шөптің емдік қасиеті көп. Әр дақылдың өскіні түрлі дәмі бар, түрлі емдік қасиеті бар», – деді Лилия Струлева.

Лилия – белсенді адам, ол декреттік демалыста бос отыра алмады. Бірде оның таныстары «Бастау» жобасы туралы айтқан. Лилия бирден қатысуға өтінім берген.

«Бұл кезең өміріме түбегейлі өзгерістер әкелді. Әрине, бизнес-идеялер көп болды, бірақ мен микро-көк шөп өсіруді қаладым. Күтпеген жерде қолдауға ие болдым! Мен 240 000 теңге көлемінде грант алдым. Бұл қаражатқа жабдық сатып алдым. Кейін жалға цех алдым. Қазір тұрақты табыс әкелетін сүйікті ісім бар», – деді кәсіпкер.

 Алғашқы клиенттер «ауыздан ауызға тараған ақпарат» арқылы жиналды. Кейін Лилия әлеуметтік желілерде аккаунттар ашты, онда денсаулыққа пайдалы рецептілермен бөлісті, жаңа өнім түрлері туралы жарнама жасады. Лилия тұрақты түрде ассортиментті толықтырып отырады. Соңғы жаңа өнімдер ішінде қара күнжіт бар, бұл дақыл кальцийге бай, адам қанында холестерин деңгейін түсіреді.

Өскіндер үшін ұрықты кәсіпкер Ресейден алдыртады. Басты талап – ешқандай химиялық өңдеудің болмауы. Шын мәнінде табиғи таза өнім эколологиялық таза шикізаттан алынады.  

 «Бұған қоса витграсс дайындаумен айналысамын. Бұл бидайдың 5-6 күндік өскінінен алынатын шырын. Витграсс – жастықтың сусыны деп аталады. Ол ағзаны тазалайды, ағзаны аурудан кейңн қалпына келтіреді. Оның емдік қаситеттерін айта берсең көп», – деді Лилия.

 Кәсібін енді бастаған бизнес ханымның клиенттері көбейіп келеді. Өйткені Лилияның отбасы да оған клиент, демек өнімнің сапасы ол үшін бірінші орында.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер