astana-view

Банкроттық туралы заң жобасын жетілдіру қажет – Атамекен

2019 жылғы 21 Ақпан
3508 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы оңалту және банкроттық процедураларын оңтайландыруды қолдайды, бірақ заңнамаға әзірленген түзетулер бизнеске зиян әкелуі мүмкін

 Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры-Заңнама департаментінің директоры Лаура Мерсалимова ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.

 Атап айтқанда, заң жобасы Азаматтық кодекске елеулі өзгерістер енгізеді, бұл өзгерістер бір жағынан ұсынылып отырған процедуралық өзгерістерді айқындайды, екінші жағынан – заңды тұлға, оның құрылтайшылары немесе қатысушыларының мүліктік жауапкершілігі, банкроттық және дәрменсіздік категориясына жататын негізгі азаматтық-құқықтық институттарын айтарлықтай бұрмалайды.

 «Мәселен, заң жобасы «дәрменсіздік» ұғымына жаңа анықтама енгізіп отыр, бұл  анықтама – сот борышкерді банкрот деп танып, нәтижесінде оның таратылуына әкеп соқтыратынына негіз болып отыр. Бұрын сот борышкердің ақшалай міндеттемелері бойынша кредиторлардың талабын толық қанағаттандыруға қабілетсіздігін анықтау, еңбек ақыны төлеу бойынша есептерді жүргізу, салықтың және бюджетке басқа да міндетті төлемдер, әлеметтік салымдардың төленуін қамтамасыз етуді тануы керек болатын. Енді жаңа заң жобасына сәйкес сотқа – борышкердің банкроттықты тану туралы өтiнiш берiлген датасына қарай борышкер міндеттерінің жалпы мөлшерін оның активтерiнiң жалпы мөлшерінен асып кетуiн белгiлеу ғана жеткілікті», – деді Лаура Мерсалимова.

 Спикердің айуынша «асып кетудің» мөлшері белгіленбеген. Ал тәжірибе жүзінде ең төмен асып кету кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қабілетсіздікті тудырмауы мүмкін.

 «Мысалы, кепілзатты мүліктің нарықтық құнын төмендеткенде борышкердің активтерінен пассивтердің жоғарылауы мүмкін. Алайда борышкер кредитор алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындай алады. Осыған байланысты  борышкерлер тарапынан теріс пайдалануды болдыртпау мақсатында сот борышкердің төлем жасауға қабілетсіздігін келтірілген дәлелдемелерді есепке алып белгілеуі керек. Біздің ойымызша, борышкердің төлем жасауға қабілетсіздігінің нақты сандық және уақытша критерийлері болуы керек», – деді Лаура Мерсалимова.

 Заң жобасының тағы бір жаңашылдығы – банкроттықтың құқықтық институтынан «әдейі банкроттық» және «жалған банкроттық» ұғымдарын, сонымен қатар қылмыстық және әкімшілік-деликтік заңнамадан сәйкес құрамдарды алып тастау болып отыр. Оның орнына заң жобасын әзірлеуші: Жымқырудың белгілері болмаған жағдайда алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен «кредиторларға мүліктік зиян келтіру» атты жаңа құрамды енгізу ұсынып отыр.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары алынып тасталғалы жатқан құрамдардың және оның орнына ұсынылып жатқан жаңа құрамның объективтілігі әр түрлі екенін алға тартады. Бұған қоса ҚР Қылмыстық кодексінде: 195-бап – «Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктің меншiк иесiне немесе өзге де иеленушісіне жымқыру белгiлерi болмаған кезде мүлiктiк залал келтiру» және 237-бап – «Оңалту және банкроттық кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер» сынды ұқсас құрамды баптар бар.

«Заң жобасы арқылы қолданыстағы өкілетті тұлғалардың азаматтық-құқықтық мүліктік жауапкершілігі – кредиторларға залал тигізгені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігімен ауыстырылып отыр.  Жәрдем қаражат жауапкершілігін осындай қылмыстандыруға жол бермеу керек деп санаймыз», – деді  Лаура Мерсалимова.

 Осы ретте заң жобасы шешімдерді тез қабылдау жән процедураларды жүргізу мерзімдерін қысқарту мақсатында Кредиторлар жиналысының бірқатар құзыретін Кредиторлар комитетіне беру қарастырылған. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мамандары бұл жағдайда кредиторлар мүддесін бұзу тәуекелі туады деген пікірде, өйткені Комитетте барлық қатысушылардың мүддесі қарастырылмаған.

 Сондай-ақ заң жобасы талап қою мерзімі аяқталуы себепті Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өтелуге жатпайтын кредитордың талабы Банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізбеуді көздейтін норманы белгілеуді ұсынады (Заңным 90-бабы)

 «Сот талап қою мерзімін дауға қатысушы тараптың шешім шығарғанға дейінгі жасалған өтініші бойынша ғана қолданады. Банркоттық процедурасы кезінде Талаптар тізілімін уақытша басқарушы қалыптастырады. Осылайша Тізіміді қалыптастыруда талап қою мерзімін қолдану мәселесі уақытша басқарушы құзырына беріледі. Іс жүзінде уақытша басқарушы аталған мәселеде өзін сотпен «алмастырады». Талап қою мерзімдері тек сот дауларында қолдануы керек!», – деп атап өтті спикер.

 Жалпы алғанда, «Атамекен» ҰКП позициясына сәйкес заң жобасы қарау және жетілдіруде Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейнгі стратегиялық дамуының:  меншікті құқықты қорғауды күшейту, қылмыстық саясатты ары қарай ізгілендіру, рейдерлікті  және заңсыз қысым жасауды (оның ішінде бәсекелестікті жою мақсатында) алып тастау мақсатында меншік иесіне нақты кепілдіктер беруге қатысты ережелерін есепке алу керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер