astana-view

«Атамекен» тауардың кедендік құны туралы: Жүйені қайта қарау қажет

2019 жылғы 26 Ақпан
5565 просмотров

Кеден органдары әрекеттеріне шағымданған кәсіпкерлер «Атамекен» көмегіне жүгінді

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тауарлардың кедендік құнын заңсыз ұлғайту мәселесін заңдық тұрғыда шешпек. 2019 жылдың басынан «Атамекенге»  кеден органдарының заңсыз әрекеттеріне байланысты кәсіпкерлерден өтінімдер түсіп жатыр. Бизнес өкілдерінің айтуынша, кеден қызметкерлері жоғарылатылған бағалық индикаторларды негізсіз қолданып, барлық құжаттардың болуына қарамастан декларант ұсынған кедендік құнды қабылдамайды. Компаниялар кірмелі тауарлардың сенімді кедендік құнын растау қажеттілігіне тап болуда. Қазіргі таңда кеден декларациялары «сары» немесе «қызыл» дәліз бойынша тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы рәсімделеді. Аталған жүйе тауар туралы бағалық ақпаратты өзі қалыптастырады. Компаниялардың өтінімдеріне жасалған талдау («Tealand» ЖШС филиалы «RG Brands Kazakhstan», «KOTON Textile» ЖШС, «INTELLPACK» жеке кәсіпкерлігі, «DIGIS AV» ЖШС, «Самсунг») бұл бизнесмендер бір ғана ұзақ мерзімді келісімшарт шеңберінде профильдер мен қауіп-қатер көрсеткіштерінің пайда болуына байланысты әкелінетін тауарлардың кедендік құнын  үнемі растауға мәжбүр. Компаниялардың ақпараты бойынша тәуекелдерді басқару жүйесінің іске қосылуы нәтижесінде бұзушылықтар ешбір тауар декларациясынан анықталған жоқ. Нәтижесінде шығарылым «жасыл дәлізбен» жүргізілді, алайда алдағы уақытта осы тауардың профиль бойынша расталған келесі партияларына қайтадан кеден құнын тексеру процедурасы белгіленіп отырған.

 Халықаралық стандарттарға сәйкес Тәуекелдерді басқару жүйесі шын мәнінде халықаралық сауданы жеңілдетуге бағытталып, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларын оларды төмен тәуекел категориясына жазуды ынталандыру керек. Ал кәсіпкерлер болса электронды декларациялау енгізілгенмен, қағаз жүзінде ұсынылатын құжаттар көлемі азаймай, керісінше артқанын айтады. Адал компаниялар  кедендік заңнаманы 100%-ға орындауға талпыныс жасағанмен мына немесе басқа профиль және тәуекел индикаторы белгілеген тексеруге түседі. Бұл жайт бизнеске қаржылық және уақыт шығындарын әкеледі, демек елге келетін тауардың өзіндік құнына, импорттың қымбаттауына әкеп соғады. Шығындарды азайту мақсатында бизнесмендер тауарларды Ресей және Қырғызстан бекеттері арқылы рәсімдейді, нәтижесінде – Қазақстан бюджетіне зиян тиеді.

«Инспекторлардың айтуынша, 25 қаңтарда Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы және Мемлекеттік кірістер комитетінің басқа да  бірқатар басшылары және Алматы қаласы департаментінің  жетекшілігімен ауызша нұсқау түрінде шешім шығарылды.

Біріншіден, депозитке қаржы енгізусіз бірінші  әдіс бойынша кедендік құнды тіпті растайтын құжаттар болса да барлық бекеттерде қолданбау, тек баламасыз алтыншы әдісті пайдалану.

Екіншіден, декларацияларды толтыру кезінде расталған кедендік құнмен бұрын алынған қабылданған қорытындылардың қабылдануына тыйым салу.

 Үшіншіден, кейбір тауарлар түріне кедендік құнды қабылдау туралы қорытындыны беруге жасырын мораторий шығару. Бұл шара жеке шоттардың депозиттеріндегі қаражатты мемлекет пайдасына автоматты түрде шешілуіне әкеледі. 25 ақпаннан бастап «Нұр жолы» бекетінде жұмыс істейтін көлік компаниялары да жиын өткізіп, онда ҚХР-дан келетін барлық импорт «Нұр жолы» бекетінде ғана рәсімделеді деген шешім қабылдады», – деді баспасөз-конференциясы барысында сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары- кәсіпкерлердің атынан Махира Тулдиева.

 «Алмалы» кеден бекетінің жетекшісі Қайрат Бөкішевтің айтуынша, қазір ел ауқымында көлегейлі экономикаға қарсы күрес бойынша жұмыс жүріп жатыр. Аталған бағдарлама шеңберінде тауарларды кедендік рәсімдеуде, сәйкесінше, бағдарламаның бір бөлігі ретінде кедендік құнды анықтауда бақылауды күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Қызметкерлердің қатысуын азайту, сыбайлас жемқорлық жайттарды алып тастау үшін бұл жұмыс тәуекелдерді басқару жүйесіне толық берілді.

«Аталған жаңа бағдарлама, қолданысқа былтыр 1 сәуірде берілді, демек әлі бір жыл толған жоқ. Әрине, бағдарламада кемшіліктер бар, бірақ ол жетілдіріліп келеді. Аталған бағдарламаның зияткерлік әлеуетін арттыру жүріп жатыр. Уақыт өте келе бағдарлама мінсіз жұмыс істейтін дәрежеге жетеміз. Тәуекелдерді басқару жүйесінің алгортимі сұр схемаларға кедергі жасау мақсатында бәріне бірдей қолжетімді болмай отыр. Жүйе оны жетілдіріп жатқан мамандарға ашық, осы жұмыс тобында қоғам өкілдері қатысуда, сіздердің ұсыныстарыңыз консультациялық кеңестер, немесе қоғамдық алаңдар арқылы ескеріледі. Ал сіздер әкелетін тауар көлемі басқа мемлекеттерге кетіп жатыр деген ақпаратқа келсек, статистика бойынша ол расталып отырған жоқ. Бізде 2018 жыл қорытындысы бойынша тауар айналымының артыуы 20%. Енді кедендік құн индикаторы бойынша: бізде басқа мемлекеттердегідей міндетемелер бар. Біз үшін бұрын рәсімделген декларациялар, қолданып отырған анықтамалықтар, кез келген қолжетімді бағалық ақпарат қана емес,  сонымен қатар Кедендік одаққа мүше мемлекеттерде рәсімделген декларациялар да көрсеткіш болып саналады. Сондықтан бұл ресейлік және қырғыз ақпараты. Бұл бақылау шарасы. Қызметкер сыртқы экономиалық қызмет қатысушысынан қамтамасыз етуді алу не алмауды өздігінен шеше алмайды, қазір кедендік төлемдер мен салықтарды авто есептеу модулі енгізілген. Рәсімдеу процесінде қызметкерлер санын азайту үшін бағдарлама өзі есептеу жүргізеді. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың бірі», – деді Қайрат Бөкішев.

«Атамекен» ҚР ҰКП Кедендік әкімшіліктендіру департаментінің директоры Дина Мамашева Ұлттық палата бағалық ақпаратты қалыптастыру, Тәуекелдерді басқару жүйесінің субъекке бағытталған моделін енгізу, кедендік рәсімдеу бойынша қызметтерді электронды форматқа ауыстыру, сонымен қатар ақпараттық өзара қарым-қатынастағы түйткілдерді алып тастау мәселелерін шешуге ниетті екенін хабарлады.

 «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл мәселе жайында хабардар, 2019 жылдың басынан бізге кәсіпкерлерден кеден органдары әрекеттеріне қатысты өтінімдер түсуде. Біз бұл шағымдарды қарап, мемлекеттік органдарға жібереміз. Бұл жұмыс былтырдан беру басталды әірге мемлекеттік органдардан: «бұл ақпарат қызметтік пайдалануға арналған» деген жазбадан басқа ресми жауап болмады. Мемлекеттік органның кез келген әрекеті заң тұрғысында бекітілген болуы шарт. Тәжірибемізден ауызша тапсырмалар және ешқандай жерде жазылмаған түсініксіз нұқсаулар алынып тасталуы керек. Заң жүзінде бекітілмеген кез келген әрекетті заңсыз деп санаймыз», – деді Дина Мамашева.

 Спикердің айтуынша, тәуекелдерді басқару жүйесін қайта қарап, оны субъекке бағытталған, ашық әрі түсінікті ету керек. Барлық принциптер «Кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша жұмысының стратегиясы мен тактикасы» құжатында сипатталуы тиіс. Осы ретте Дина Мамашева жұмысын адал атқармайтын кәсіпкерлер туралы пікірін білдірді.


 «Кәсіпкерлер кейде адал жұмыс істемейтінін айта кеткен жөн. Статистикада сәйкессіздіктер бар, кедендік құнды түсіру фактілері бар. Бизнес не туралы айтып жатыр? Ол: жүйені дәл алақолды кәсіпкерлерді ұстайтындай етіп әзірлеп, адал жұмыс істейтін, барлық құжаттарды тапсырытандар үшін ыңғайлы жұмыс режимін жасап беріңіздер дейді. Осыдан барлық даулар туып жатыр. Бұл мәселені кім шеше алады? Тек қана заңдық формада. Елімізде көлегейлі экономиканы азайту бойынша жұмыс жүріп жатыр, көлегейлі экономиканың көлемі үлкен. Қытай бойынша ғана сәйкессіздіктер үлкен мөлшерге – 7 млрд АҚШ долларына жеткен, ала қолды бизнес өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері бұл қаражатты Қазақстан экономикасынан алып кетті», – деді «Атамекен» өкілі.

Дина Мамашева заңнамада жазылған, алайда практикада қолданылмайтын поскедендік тексеруге назар аудару принциптерді еске түсірді.

 «Жергілікті жерде әр департаментте бизнеспен байланыс орнату. Егер компанияны тексерген болсаңыздар, егер компания құнын дәлелдеген болса онда компания оны ары қарай дәлдемеуі керек, солай заңда жазылған. Біз заңның орындалғанын сұраймыз. Бүгінде «Нұр жолында» болып жатқан жайттарды ерекше атап өту керек. Заңнамаға сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесі кедендік бақылау формасынан басқа әрекеттерді регламенттей алмайды. Сіз жүкті тексеру туралы шешім қабылдай аласыз, тауарға қатысты кез келген кедендік тексеру туралы шешім қабылдай аласыз, бірақ кәсіпорын қаламаған жерде оны рәсімдеуге міндеттей алмайсыз. Проблема тәуекелдерді басқару жүйесімен реттеле алмайды. Бұл ҚР Әділет министрігінде тіркеуден өткен ары қарай жариялануға тиіс жекелеген нормативтік-құқықтық акті болуы керек. Біз адамдар үшін түсініксіз, ашық емес және заң тұрғысында реттелмеген шешім қабылдауымыз мәселе болып отыр. «Нұр жолында» не істеуге болады? Бизнеске ол осы кеден бекетінде тіркелгісі келетіндей қолайлы жағдай жасауға болады», – деп қорытындылады «Атамекен» ҚР ҰКП Кедендік әкімшіліктендіру департаментінің директоры Дина Мамашева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер