astana-view

Байқау! «Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын иеленуге өтінім қабылдау басталды

2019 жылғы 26 Наурыз
3800 просмотров

«Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын иеленуге өтінім қабылдау басталғаны жайлы хабарлаймыз

Байқаудың басты мақсаты – отандық тауар өндірушілер мен  экспортқа шығарылатын жоғары сапалы отандық өнімдерді «Ұлы дала елі» ортақ бренді арқылы насихаттай отырып,  шетелде  еліміздің танымалдығын  барынша арттыру

 «Ұлы дала елі» ортақ бренді  – халықаралық нарықтарда елімізді танытып жүрген үздік отандық тауар өндіруші компанияларға беріледі.

Байқауға қатысушылар қандай  критерийлерге сай болуы қажет?

  • экспорт көлемінің үлесі шығарылатын бір өнім түрінің жалпы өндірісі көлемінен 10%-дан кем болмайтын;
  • тауар өндіру, қызмет көрсетуде жергілікті қамту үлесі кемінде 30%-ы құрайтын;
  • халықаралық бизнес-қоғамдастықтардың мүшесі деп танылған;
  • шығаратын өніміне лицензия, рұқсат құжаттары мен патенттері бар;
  • халықаралық деңгейдегі  марапаттар мен дипломдардың иегері;
  • бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша қаржылай емес есептілікті жариялауда тәжірибесі бар компаниялар қатыса алады;
  • сауда маркасының танымалдылығы, компанияның оң имиджі көрсетілген портфолионы қоса жіберуге болады.

Байқауға жеке кәсіпкерлік субъектілері де қатыса алады. Ал ол үшін қандай талаптарға сай болуы шарт?

  • нарықта кемінде 3 жыл қызмет етіп отырған;
  • жеке кәсіпкерлік субъектісін таратуды көздемейтін, банкрот деп танылмаған;
  • өтінімде жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты барлық мәліметті  дұрыс көрсеткен;
  • Байқау комиссиясына өз кәсіпорнын көрсетіп, талдау жасауға мүмкіндік жасаған (кәсіпорынның қаражаты есебінен) жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Өтінімдер 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданады

 Байқаудың өткізілу тәртібімен танысыңыз:

  • Байқауға қатысуға ниет танытқан компаниялар 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Ережеге сай рәсімделген өтінім мен материалды (сканерден өткізілген) info@ulydalaeli.kz электрондық поштасына жіберуі керек;
  • Байқау комиссиясы  қатысушылардан келіп түскен  барлық өтінімдерді қарап, олардың арасынан 12 үміткерді іріктеп алады;
  • Комиссия  құрамынан құралған бірнеше топ,  аталған кәсіпорындарға барып (кәсіпорын есебінен), өтінімде көрсетілген ақпараттың растығын анықтайды;
  • Комиссия  жүргізген жұмыстың нәтижесіне сүйене отырып,  іріктеудің келесі кезеңіне өтетін 6 үміткерді анықтайды;
  • Келесі кезеңге өткен 6 үміткердің тізімі «Атамекен» интернет-ресурсында жарияланып, онлайн-дауыс беру жүргізіледі;
  • Ең көп дауыс жинаған компаниялар (кем дегенде үш компания) «Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығына ие болады;
  • Байқау лауреаттарына «Ұлы дала елі» ортақ брендінің эмблемасы мен диплом салтанатты марапаттау рәсімінде табысталады;
  • Жеңімпаздарға «Ұлы дала елі» ортақ брендін 5 жыл мерзімде жарнамада қолдану құқығы беріледі.

«Ұлы дала елі» байқауына қатысты сұрақтарыңыз болса  8(7172) 919-300 (ішкі нөмір 1838); 8 (7172) 919-344 нөмірлеріне хабарласуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер